"Астана" футбол клубының таңғаларлық жетістігі

"Астана" футбол клубының таңғаларлық жетістігі
жеке
блог

   Футбол әлемдегі нөмірі бірінші спорт түрі деп тегіннен тегін айтылмаған. Себебі футболдың сан мыңдаған жанкүйерлерді теледидар алдыңа немесе стадиондарға тартатын ғажайып бір күші бар. Расымен де, танымалдылығы мен сыйлайтын эмоциялары тұрғысынан футболға тең келер спорт түрі жоқ болар. Аяқдоп өнері қазақ жерінде де танымал спорт түрлерінің қатарында. Соңғы жылдары қазақ футболы даму үстінде. Бұған айқын мысал ретінде "Астана" футбол клубының жетістіктерін атап өтуге болады. 

   Елордалық "Астана" футбол клубы Қазақстанды және Астана қаласын әлемге таныту мақсатымен құрылған өзі аттас президенттік кәсіби спорт клубының құрамына кіретін ұжым. Құрылғаныңа небәрі 7 жыл болған бұл ұжым қазірдің өзінде өзін Еуропада таныта білді. "Астана" футбол клубының әлемдегі ең беделді саналатын футбол турнирі Еуропалық Чемпиондар лигасындағы жетістіктері бұл айтылған фактіге дәлел бола алады. 2015-2016 жылдардағы футбол маусымында астаналық команда Еуропаның Чемпиондар лигасының топтық бәсекесіне іріктеу барысында Марибор (Словения), ХИК (Финляндия), Апоэль (Кипр) сынды ұжымдарды тізе бүктіріп, қазақ футбол тарихындағы бұрын соңды болмаған жетістікке қол жеткізеді.

   Топтық кезеңге іріктеу барысындағы жанкүйерлер есінде ерекше есте қалған ойындарға қысқаша тоқталсақ. Іріктеу кезеңінің 3 раундында "Астана-Арена" стадионында өткен "Астана-ХИК" ойының көріп, ләззат алмаған адам футбол сүйер қауым арасында кемде-кем. Ойын барысында басымдық бір командадан екіншісіне кезекпе-кезек ауысып отырды. Шиеленісті сәттер мен драмаға толы кездесудің соңғы минутында "Астанаға" жеңіс әкелген голдың авторы орталық қорғаушы Постников болды. 

   Келесі раундта Кипрлік "Апоэль" топтық кезең алдындағы "Астананың" соңғы қарсыласы болды. "Апоэль-Астана" кездесуіңде чемпиондар лигасының топтық бәсекесінің жолдамасы сарапқа салынды. Алаң иелерінің ойын басымдығыңа қарамастан, астаналық футболшылар өзінің мүмкіндіктерінің біреуін пайдаланып, айды аспанға шығарды. Шешуші голды Сербияның жастар құрамасының жарық жұлдызы Неманья Максимович салды. Екі ойынның нәтижесі бойынша (2-1) "Астана" келесі кезеңге өтті. Осылайша елордалық команда сенсациялық нәтижеге қол жеткізіп, Еуропаның мықты 32 командаралының қатарында өнер көрсетті.

                                                         Неманья Максимович

   Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде де "Астана" футбол клубы "Галатасарай", "Бенфика" және "Атлетико" сияқты аузын айға білеген Еуропалық деңгейде мықты саналатын ұжымдардан жасқанбады. Мұнымен қоймай, топтық бәсеке мен іріктеу кезеңінде "Астана" клубы өз алаңындағы ойындардың бірде-біреуінде жеңіліске ұшырамады. Тіпті қазіргі заманның үздік футболшыларының бірі Торрес бастаған "Атлетико" футбол клубының өзі "Астана-Аренада" бір ұпайға ғана қанағат етуге мәжбүр болды.

Картинки по запросу астана атлетико

   "Астана" футбол клубының былтырғы маусымдағы чемпиондар лигасындағы жетістігі қазақстандықтардың футболға деген қызығушылығын арттыра түсті. Еуропалық футбол қауымдастығы Қазақстанда да еуропалық беделді клубтармен терезесі тең деңгейде ойын ойнай алатын ұжым бар екеніне куә болды. "Астананың" ойынын тамашалауға келген еуропалық жанкүйерлер Астана қаласының сұлулығына тәнті болды. Әлемде "Қазақстан" және "Астана" брендтері одан әрі танымал бола түсті. Чемпиондар лигасы ойындарының көрсетілімдері әлемнің түкпір-түкпіріне таралды. Астананың Еуропа алаңдарындағы жетістіктері осындай жоғарыда айтылған оң өзгерістер әкелді.

   Биылғы жылы "Астана" футбол клубы Европа лигасының топтық кезеңінде өнер көрсетуде. Еуропа лигасы чимпиондар лигасы сияқты беделді болмаса да, қазақ футболының дамуыңа тигізер үлесі зор. Еуропалық турнирлерде халықаралық тәжірибе жинақтап жүрген жігіттеріміз ұлттық құраманың дамуына оң ықпал етуде. Бұған дәлел ретінде жуықта болған "Қазақстан-Польша" ойынын келтіруге болады. Тең нәтижемен аяқталған бұл кездесуде "Астананың" футболшылары көп болды.