Алматы-Алтынемел

Алтынемел ұлттық табиғи паркін аралау үшін міндетті түрде жолсерік ертіп алу керек екен. Бізді Жансерік есімді жігіт "Бесшатыр" қорғаны мен "Ошақтас" ескерткішіне алып барды. Келген жердің тарихына тоқтала кетейін.

Б.д.дейінгі ІІ ғасырда үйсіндер сақтарды ығыстырып, қазіргі ұлттық парк аумағындағы әртүрлі кезеңдерді қамтитын тарихи ескерткіштер пайда болған екен. Солардың ішіндегі ең көне ескерткіш - темір ғасырына жататын Бесшатыр қорғаны.

Матай тауының етегінде  үлкенді-кішілі 30 қорған бар. Көлемдері әртүрлі. Үлкен қорғандар - хандарды жерлеуге арналған, оның диаметрі - 104 метр, биіктігі он сегіз метр. ( суреттегі ең биік қорған) Орташа қорғандар әскербасылары сияқты лауазымды тұлғаларға, ал кіші қорғандар қарапайым әскерей адамдарға арнап салынған екен.

Қорғанның төбесіне шығып, белгі ретінде тас қойылатын жерге өз тасымды қойдым. Бұл жерге әлі талай жолым түсер... Сақ бабаларымыз қолдап жүрсін деп, Ошақтасқа қарай жол тарттық.



Бөлісу: