Америка футболы Астанаға да келіп үлгерді.

Америка футболы Астанаға да келіп үлгерді.
жеке
блог

Өткен демалыс күндерінде - 17 қыркүйек күні Астанада Қазақстанға әлі сирек Америка футбол ойыны өтті. Осы ойын туралы қысқаша мәлімет айта кетсек, негізінде Қазақстанда бұл спорт түрі енді ғана дамып келе жатыр. Америка футболы қызықты және көріністі ойын бола тұрып, дәл сол уақытта ережелері көп және қиын болып саналады.  Және осы спорт түрінде жарақаттардың саны өте жоғары болып табылатын ойын. Қауіпсіздік ережелерін сақтау үшін футболшы арнайы жабдық киеді.

Америка футболшының қауіпсіздік жабдығы

Сол жабдықтың ішінде ең маңызды болып саналатын ол дулыға және иыққа киілетін темір мен пластмассадан жасалған жабдық. Осы жабдықтарды киіп футболшы арнайы сопақ допты қолына алып 4 әрекет ішінде 10 ярд немесе 9,1 метрге тең ұзындықты асыруға тиіс. Ал қарсы топ осыған жетуге кедергі көрсету қажет. Егер футболшы осы төрт әрекет ішінде допты 10 ярдка алдыға жылжыта алмаса, доп басқа топқа беріледі. Ал осы топ енді өз төрт әрекетінің ішінде допты қарама қарсы жаққа жылжыту керек. Оңай естілетін болса да, бірақ ойын кезінде осы ұзындыққа жылжу өте қиын болып табылады.

Шайқасқа дайын ойыншылар

Біздің Астанамызда Америка футболын ойнайтын бір ғана команда бар, оның аты  «Астана қасқырлары». Осы «Астана қасқырлары» өткен атпаның сенбі күнінде Алматыдан келген қонақ қарсылас  «Титандар» тобымен Астанадағы QSI (Quality school international) халықаралық мектебінің  алаңында шайқасқа түсті. Осы матч ОААФЛ (Орта-Азиялық Америка футбол лигасы) ішінде өтті.  Бұл Лигада Қазақстанның бүкіл топтары ойнайды,қазіргі уақытта Қазақстанда 4 команда бар. Осы Лигада Қазақстан командаларынан басқа Қырғыз «Барыстар» командасы кіреді, олар осы ойында он жылдан астам ойнайды. Ал Қазақстанда бірінші құрлған командасы ол «Титандар», ал екінші Астанымыздагы «Қасқырлар» командасы 2014 жылы құрылды. Былтырғы өткел ОААФЛ ойындарының ішінде екінші орын алды. Қасқырлар мен Титандар арасында көп ойын өтті, жеңістер де жеңілушіліктер де болды. Бірақ осы ақырғы ойында Титандар жеңіске жетті. Өкінішке орай осы ойын қасқырлаға 38-22 шотымен аяқталды.