"Ninety One" мақтаныш па, әлде қорқыныш па?

"Ninety One" мақтаныш па, әлде қорқыныш па?
жеке
блог

 

Бүгінгі таңда Қазақстан өнер аренасы әлемдік жаһанданудан қалыспай қатар өсуде және де әнсүйер қауымды әр түрлі стильдегі, бағыттағы әндермен таң қалдырып келуде. Солардың бірі, қазіргі жастардың арасында кеңінен тараған “Q-pop” бағыты болып саналады. Бұл бағытты ең алғаш болып “Орда”, “Ringo” секілді топтар алып келді. Ал қазіргі кезде “Q-pop” ағымындағы топтарды көптеп кездестіруге болады. Мысалы, “Ninety One”, “Алау”, “Renzo” топтары. Мен “Ninety One” тобы туралы ой толғағым келіп тұр.

Ninety one

Өздеріңіз білетіндей, бұл топтың шыққанына енді 1 жыл болса да, жастар арасынан өз тыңдармандарын, “eagles”, жинай алған аты шулы танымал жандар.

“Ninety One” Ерболат Беделханның жетекшілігімен құрылған топ. Бұл ұжым туралы халық арасында оң да, теріс те ойлар бар. Бірі мақтайды, бірі жерге салып даттайды.

Ninety one

Жақсы жағынан қарар болсақ, “Ninety One” тобы қазақ эстрадасын жаңа бір деңгейге көтерді деп айта аламыз. Әр айтқан өлеңдеріне ширақтық танытып, әнге сай би қойып, осынысымен басқа топтардан ерекшеленеді десем артық айтқаным жоқ. Сонымен қатар, қоғамдық істерге белсене қатысып келеді. Мысалы, қайырымдылық кештері, онкологиялық орталық пен балалар үйіндегі бүлдіршіндерге қуаныш сыйлағаны. 

“Айтуға оңай”  бағдарламасында Роза Рымбаева апамыз “Ninety one” тобы туралы айтқан ойы:

Бұл қазақты құрту үшін жасалынып жатқан жоқ, бұл жастардың ізденуі. Сахнаға жаңалық алып келейін, мен өзімнің стилім мен өзімнің мәнерімен келейін деген жастар. Бұл жігіттердің мақсаты өзінің құрдастарына, жастарға, жасөспірімдерге жаңа стиль, жаңалық әкелу. Біз егерде бұл топ болмайды деп қанша ұрысқанмен де, көресіздер, бұл топқа қызығушылық 10 есе артады,- дейді. 

Ninety one

Бірақ “Ninety One” тобының сыртқы келбеттері сахналық образ болғанымен де үлкен буын өкілдері мұны дұрыс түсінбейді. Себебі, құлақ тесу, макияж қою, шашты әртүрлі түстерге бояу, бұның бәрі біздің ойлау құрылымымызға жат дүние болып келеді деп ойлайды. Алайда бұл ұжым жас буынға жаңа леп, жаңа көзқарас алып келді.

Ninety one

 

Қанша дегенмен, әрбір адамзаттың өз қалауы, өз ойы бар. Сондықтан да,“Ninety One” тобын қабылдап, қолдау немесе қарсы шығу – ол әркімнің өз шешімі.