Махаббат естеліктері  (Николас Спаркс )
жеке
блог

Махаббат естеліктері (Николас Спаркс )

  Махаббат - мәңгілік жыр.  Жазушы үшін таптырмас тақырып.  Ал  Николас Спаркс үшін - өмір.  Ол- әлемнің ең танымал америкалық жазушыларының  қатарында.

  Спаркс  қалай танымал жазушы болды? Неге сырлы сезім туралы тақырыпты жиі қозғайды?  Өмірінде өз кітабындағыдай махаббат хикаясын бастан кешірді ме?

   Әрине, жазушыға ең алдымен факторлар себеп болады.  Жазушы- адамның ішкі толқыныстарын қағаз бетіне түсіріуші.  Спаркс  ғашықтардың  сезім толқыныстарын шынайы беруімен атақты қаламгерге айналды.  Николас Спаркстің  "сиқырлы романтика" тақырыбын жиі қозғауына, меніңше, өз өмірі себеп болған секілді.  Спаркс жары Кэтимен танысқаннан кейін 1 жылдан соң отау құрған. Кэтиге бір көргеннен ғашық болған деседі.  Музасы да осы жан. Өмірлік махаббат хикаясы да осы болар...

  Қаламгердің  ең алғашқы кітабы, "Махаббат естелігі".  1996 жылы жарық көрген. Ноя мен Эллидің  жан толқытарлық  сезім күнделіктері баяндалған туынды. Романды оқыған жан бірде күліп, бірде жанарына жас үйіртерлік сезімді бастан кешіреді.  Алғашқы қадам сәттілікке толы болды. Баспадан шықан күннен бастап танымалдыққа ие болып, екінші аптасында сатылым көрсеткіші бойынша  1-орынға шықты. Оқырмандардың да жылы лебізге толы хаттары да жиілей түсті.  Романның телевизиялық нұсқасы  2004 жылы көрерменге жол тартты. Қазіргі күнге дейін танымал кинокартиналардың санатында.   

   Бұдан бөлек, жазушының  "Қымбатты Джон" (2006), "Соңғы ән" (2009), "Ұзақ жол" (2013), "Таңдау" (2007), "Махаббатты бағала" (1999), "Қорғаушы- періште" (2003) сынды  туындылары бар. Әр кітабы өзінше бір әлем.  Романдарды оқу барысында, сезім толқыныстарына ерік бересіз.

   Аталған туындыларға түсірілген фильмдер де сізге әсер етпей қоймайды. Шығармаларынан, сіз өмірдің бір-ақ рет берілетінін, есіңде мәңгі қалатын махаббат хикасының болатынын аңғарасың.  Уақытты бағалауды, саған қымбат жанды қадірлеуді үйренесің.  Шынымен, өмірдің мәні осынысында шығар...

 P.S  Николас Спаркстің қандай романын оқыдыңыз?  Кітап желісімен түсірілген фильмдерді қарадыңыз ба?