Тағы бір музыкалық поэтикалық кеш...

Тағы бір музыкалық поэтикалық кеш...
жеке
блог

Еліміздің еңселі Ел Ордасы қашанда қызық та тарихи оқиғаларға толы. Астанамызда білім алып жатқан жастар қатарына қосылуға мектеп оқушыларының құлшынысы күннен күнге артып келеді. Олардың ішінде көбінің арманы және де мақсаты Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлтық университетінің студенті атану. Себебі, университет ұлттық университет, себебі  университет  еңселі Ел Ордамызда орналасқан, себебі университетте еліміздің ұлы тұлғаларының көбі дәріс оқиды солардан дәріс тыңдап, үлгі алу. Ал солардың бірі де бірегейі - Кенжеғали Тұрсынбекұлы Мыржықбай.Ол кісі 1996 жылдан , яғни Еуразия ұлттық университетінің ірге тасы қаланған тұстан бастап осы университеттің доценті, проффесоры болып міндет атқарып келеді.

2016 жылдың 21 қыркүйегінде "Кәусар" мәдени танымдық орталығының ұйымдастыруымен Кенжеғали ағамыз Тәуелсіздіктің 25 жылдығына және ЕҰУ-ның 20 жылдығына арнап музыкалық поэтикалық  концерт өткізді. Концертте ағамыз  Е.Хасангалиев, И. Жақанов, Ә.Бейсеуов, Т.Базарбаев, М.Сағатов тағы да басқа осы сынды композиторлардың әндерін әуезді орындады. "Өз елім" деп аталған кеш потриоттық әндерге толы болды. Студенттер мен қонақтар қошеметтерін аямады.

Осы сынды кеш, концерттер жиі ұйымдастырылатын университетіміз қазіргі таңда атағын асқақтатып тұр.Енді биыл жиырмаға толып мерейлі жасын тойлауда.