Африкада қар бар екенін білесіз бе?
жеке
блог

Африкада қар бар екенін білесіз бе?

       Африка әлемдегі ең ыстық құрлық екені бәрімізге мәлім. Ол жерде қапырық күндері тіпті тыныс алудың өзі қиынға түседі. Бірақ сондай жерде қар жатады десе сенесіздер ме?

       Әлем картасына көз жүгіртсек, Африканың экватордың бойында жатқанын байқауға болады. Ал сондай жерде қардың болуы таңсық боп көрінетін болса, бұл құбылыстың орын алуы қалай мүмкін екені жайлы ой жүгірте аласыз. Мәселен, елімізде шілденің шіліңгір ыстығында қай жерден қар байқай аласыз? Иә, сөзсіз ондайды тек тау шыңдарынан, айталық, Алматының Алатауынан көре аласыз. Демек, ойымызға келетін бір сұрақ - Африкада қандай тау жатыр?

       Әлем картасына тағы бір көз жүгіртейік... Байқайтынымыз, Африкада Килиманджаро тауы орналасқан. Бұл таудың негізі үш шыңы бар - Ухуру, Мавензи және Шира және бұл жерлерде қар жыл бойы ерімей жатады екен. Алайда, егер сіз осы таңғажайыпты тамашалағыңыз келсе, онда асыққаныңыз жөн, себебі ғалымдардың болжамына сүйенсек, 2020 жылға дейін ол жерлердегі қар түгелдей еріп кетуі мүмкін.

       Дегенмен, ОАР-да қыс мезгілінде қардың жаууы кездеседі. Алайда бұл құбылыс сирек кездеседі және 15-20 жылда бір рет болады.