Кешірші, анашым...
жеке
блог

Кешірші, анашым...

Сен...Жоқ, олай емес...Сіз...Олай да емес...Мама. Жатырыңды жарып шықтым. Өліммен арпалысып, өмір сыйладың. Сенің мейірімге толы жанарың, сол сәтте көп нәрсені ұғындырды. Сол сәттегі көз жасың...Сендегі сезім сан мың шешенің махаббатынан мың есе артық.

Мама, сен бақыттысың! Сол бір сезімге сен, лайықсың. Ұлы жүрегіңнің астында, менің кішкентай ғана сәби жүрегім соқты. Мен өмір сүргім келді. Мама. Өкіндің. Өкcігеннен не пайда? Тек енді ешқашан өкінбе. Өтінемін. Мені жарық әлемге сыйладың. Бірақ, мен сені азапқа қимадым. Мама. Сен мені қимасаң да...

Мені, кешірші. Тұла бойыңды тулатып, Тәңірден сені сұрағаным үшін. Кешірші...