"7" саны мен үшін ерекше

 "7" саны мен үшін ерекше
жеке
блог

Жеті санын мен кішкентай кезімнен-ақ жақсы көремін.Бұл сан мен үшін ерекше сан деп айтсам болады.Жалпы "7" саны құдды бір мына менің тұмарым секілді.Әрдайым осы "жеті"саны маған сәттілік әкеліп,мені бір қуантады.Бұл санды киелі деп те есептеймін.Массагет порталы ұйымдастырған "Мақсатыңа Массагетпен бірге жет" байқауына қатыстым.Топ жетекшім  Гүлжанар Жарқынбекқызы "Кен" тобына оқушыларды жасақтаған сәтте мен реттік саны бойынша жетінші тұрған болатынмын.Сол сәтте кеудемді бір қуаныш сыйлаған еді.Міне,бұл байқауда өз мәресіне жетті.Бір қызығы байқау нәтижесінде мен жетінші орынға табан тіредім.Бұл да мен үшін үлкен қуаныш,улкен жетістік деп білемін.Мен әлемге әйгілі Криштиану Роналдуды футбол тарихында соған еліктеймін.Роналдудың да жейдесінің реттік саны 7 саны.Бұл сан Роналду үшін де ерекше қасиетті сан деп есептеймін.Жеті саны туралы қызықты тың деректер:

1.Адамның жеті жасы (Шекспирдің "Калай сендерге ұнай ма?" пьесасынан) сәби,жылауық,оқушы,ғашық адам,сарбаз,судья, ақымақ және балалық пен ұмытшақтық (өлім). 2.Әлемді жаратуға арналған жеті күн (Таурат бойынша):құдай 1-күні жарықты, 2-күні аспанды, 3-күні Жерді, 4-күні Күні,Ай және жұлдыздарды, 5-күні балықтар мен құстарды, 6-күні аңдар мен адамдарды жаратты, ал 7-күні Құдай демалды.

3.Аптаның жеті күні:дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.

4.Жеті аспан (Ислам дініндегі):күміс, алтын, меруерт, ақ алтын, жақұт, анартас және ғажайып жарық.

 5.Жеті (Христиан дініндегі):сенім, үміт, қайырымдылық, әділеттік, сабырлық, ақылдылық және рухтың күші. 6Жеті континент:Африка,Антрактида,Азия,Австралия,Европа,Солтүстік және Оңтүстік Америка. 7Гептатлондағы (жетісайыс) спорттың жеті түрі:тосқауылдармен 100 м-ге жүгіру, биіктікке секіру,200 м-ге ату, ұзындыққа секіру, 800 м-ге найза лақтыру.

.

P.S:Менің ойымша әр адамның өзіне жақын ұнататын саны болатын секілді.7 санын менің сәттілік әкелетін тұмарым деп есептеймін.Ал,сіздердің ұнататын,жаныңызға жақын саныңыз бар ма?