КОНСТИТУЦИЯ – ЕЛІМІЗДІҢ ДАМУ АЛГОРИТМІН НЕГІЗГЕ АЛҒАН БЕРІК ІРГЕТАСЫ
жеке
блог

КОНСТИТУЦИЯ – ЕЛІМІЗДІҢ ДАМУ АЛГОРИТМІН НЕГІЗГЕ АЛҒАН БЕРІК ІРГЕТАСЫ

Көкшетау

Шараға сондай-ақ, мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың басшылары, ұстаздар, дәрігерлер, жастар, кәсіпорындардың жұмысшылары мен өңір тұрғындары қатысты. 

МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ «КӨҢІЛ АШАР» ХОРЕОГРАФИЯЛЫҚ ҚОЙЫЛЫМЫМЕН АШЫЛЫП, ПАТРИОТТЫҚ ЖӘНЕ ТАҚЫРЫПТЫҚ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КОМПОЗИТОРЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАЛАРЫ ОРЫНДАЛДЫ.

Өңір басшысы құттықтау сөзінде біздің КОНСТИТУЦИЯ – ЕЛІМІЗДІҢ ДАМУ АЛГОРИТМІН НЕГІЗГЕ АЛҒАН БЕРІК ІРГЕТАСЫ екенін атап өтті. «Азғантай уақытта Елбасымыз, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың парасатты саясатының арқасында, болашаққа серпінді қадам жасады, Көз алдымызда Қазақстанның жаңа тарихы жасалып жатыр».

- БИЫЛ БІЗ БҮКІЛ ЕЛ БОЛЫП ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 25 ЖЫЛДЫҒЫН ҚАРСЫ АЛАМЫЗ, - деді Сергей Витальевич. Бұл жылдары біз бәрімізге ортақ, кеңбайтақ, берекелі жерімізде келісім, достық пен үйлесімділікте өмір сүріп жатқан Қазақстанның біртұтас халқына айналдық. Біз мұны мақтаныш сезіммен айтамыз.

МЕМЛЕКЕТТІҢ ДАМУЫН БІЗДІҢ ОБЛЫСТЫҢ БЕЙНЕСІНЕН АНЫҚ КӨРУГЕ БОЛАДЫ. Мемлекеттік қолдаудың арқасында шағын және орта бизнес субъектілерінің көлемі үнемі ұлғаюда. Соңғы 3 жылда ғана жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 51 мыңға жетті. Шағын және орта бизнес 63 млрд. теңгенің өнімін өндірді. Бұл салада 112 мыңнан астам адам еңбек етіп жатыр.

Бұл Конституциямыздың негізінде әлеуметтік модернизацияның жүзеге асырылып жатқанының белгісі. 
Әр азаматтың орта білім алуына кепіл болып отырған Атазаңымызды орындай отырып, 1 қыркүйекте 112 мың оқушыға облыс мектептерінің есігі айқара ашылады», — деп атап өтті әкім.

Соңғы 7 айдың нәтижесінде Ақмола облысында орташа айлық ьжалақы 14,7% өсіп, 99,9 мың теңгені құрады. Индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасы аясында, біздің облыста 2010 жылдан бастап 169,1 млрд. теңгені құраған 64 жоба жүзеге асырылып, 6,5 мың тұрақты жұмыс орындары ашылды.

Облыста «Қолжетімді баспана» бағдарламасы сәтті жүзеге асырылып, таяу жылдары 700 мың шаршы метр баспана қолданысқа енгізілмек.

«1 қыркүйекте Ақмола облысының Щучинск, Ерейментау қалаларында, Целиноград ауданының Тайтөбе, Еңбекшілдер ауданының Мақпал ауылдарында 4 мектеп есігін айқара ашып, жылдың соңына дейін Целиноград ауданының 96-шы разъезіндегі мектеп пен Көкшетау қаласының Станционный кентіндегі балабақша құрылысын аяқтамақпыз», — деді өңір басшысы.

Елді азық-түлікпен қамтамасыз ететін агроөнеркәсіп кешені дамып келеді. Бүгінгі таңда шаруашылықтың барлық санаттары 55,4 мың тоннадан асам ет, 222,4 мың тоннадан асам сүт, 438,4 млн. дана жұмыртқа өнімдерін шығарды.

Астана қаласының азық-түлік белдеуі аясында, биылғы жылы жалпы 8,9 млрд. теңге көлеміндегі 10 жоба қолға алынып, оның ішінде 1,8 млрд. теңгені құраған 2 жоба жүзеге асырылды.

«Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы да белсенді даму үстінде. Мемлекет ауылдық жерде еңбек еткісі келетіндерді микрокредиттермен, ал қалаға келушілерді – мамандықпен және тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз етуде.

Мерекелік шара барысында 15 ақмолалық облыс әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды. Олардың ішінде «Алтын тау» АҚ алтыншығарушы фабрикасының гидрометаллургия бөлімінің балқытушысы Ақан Айтмағанбетов, облыстық тарихи-өлкетану музейінің бас сақтаушысы Гүлден Изанова, Абылай Исин, «Көкшетау студенттері альянсының» атқарушы директоры. Өңір басшысының 17 алғыс хаты облыс тұрғындарына тұрғылықты орындарында қолдарына табыс етілді.

КОНЦЕРТТІК БАҒДАРЛАМА ҚАЗАҚСТАН АУМАҒЫНДА ТҰРАТЫН БАРЛЫҚ ХАЛЫҚТАР МЕН ЭТНОСТАРДЫҢ ДОСТЫҒЫ МЕН БЕЙНЕЛЕНГЕН «ДОСТЫҚ БЕСІГІ» ХОРЕОГРАФИЯЛЫҚ СЮИТАСЫМЕН АЯҚТАЛДЫ.