Ұйқы алдау

Ұйқы алдау
жеке
блог

Уақыт – адам үшін ең бағалы дүние. Уақытымызды тиімді жұмсау үшін белгілі жоспармен жүрген жөн. Ал бағалы уақытымыздың қанша бөлігін ұйқыға арнаймыз? Үш арсыздың бірі саналатын ұйқыға әсіресе жазғы демалыста әуестігіміз артады. Тіптен таңғы сағат 10-ға дейін ұйықтайтын қатарластырымыз да жоқ емес. Түнде ғаламтор шырмауында отырып, таңға жуық ұйықтау денсаулыққа зиян екендігін білесіз бе? Ғалымдардың айтуынша, ересек адамдар күніне 8 сағаттан артық ұйықтамау керек, ал жасөспірімдерге 10 сағатқа дейін тынығуға рұқсат. Данышпан физик Никола Тесла ұйқысын алдаған екен. Түнде тек 2 сағат тынығып, күндіз әр 4 сағат сайын 15-20 минуттан мызғыған. Суреті жүз долларлық купюрада бейнеленген атақты американдық ғалым Бенжамин Франклин де тәулігіне ұйқыға 4 сағаттан артық арнамаса, «темір ханым» атанған белгілі заңгер Маргарет Тэтчер ұйқыға тәулігіне бар болғаны 3, кейде 1,5-2 сағатын ғана жұмсаған. Таңертең ерте тұрған адам өзін күні бойы сергек сезінеді. Оған қоса «Ерте тұрған жігіттің ырысы артық, ерте тұрған әйелдің бір ісі артық». Сондықтан ұйқыға арнаған уақытымызды сараптап көрейік. Ал сіз ұйқыға қанша уақыт бөлесіз?