Данияр-чемпион!

Данияр-чемпион!
жеке
блог

Данияр Елеусінов бірінші айналымда бос болды. Екінші айналымда ол Египет және Ұлыбритания боксшыларының қай жеңгенімен қолғап түйістірді. Нәтижесінде Ұлыбританиялық спортшы мысырлық Валид Мохамедті тізе бүкітіріп, жеңіске жетті. Біздің спортшымыз ұлыбританиялық Джош Келлумен жекпе-жек өткізіп, Данияр Елеусінов олимпиаданың ширек финалына шықты. 25 жастағы спортшымыз 3:0 есебімен жеңіске жеткен болатын. Ұлттық құрама капитаны Данияр Елесінов венесуэлалық Габриель Маэстремен жұдырықтасып, 3:0 есебімен Олимпиада ойынының жартылай финалына шықты.

Венесуэлалық спортшы италиялық Винченцо Манджикапремен жұп болып, Винченцо Манджакпарияның жақ сүйегін сындырып, жеңіске жеткен болатын. Осы орайда айта кетейін, Даниярға жеребе жолдас болды. Олай дейтінім, Дохадағы әлем чемпионатының финалында оны жеңген марокколық Мохаммед Раби мен Олимпиада ойындарының жүлдегері, ресейлік Андрей Замковой екінші себетке түсті. Данияр Елеусінов жартылай финалда франциялық Сиссоко Сулейман Диоппен кездесіп, 3:0 есебімен жеңіске жетті. Бұл кезеңде франциялық спортшы Даниярдың қабағын жарып тастап, екінші раундтан тоқтатуға тура келді. Бірақ, бірінші және екінші раунд қорытындысы бойынша Данияр жеңімпаз болып танылып, финалға шықты.

Данияр Елеусіновтің франциялық спортшымен алғаш рет кездесіп отырған жоқ. Ең алғаш, 2013 жылы Алматыда өткен әлем чемпионатының екінші айналымында отандасымыз француз боксшысынан басым түскен. Ұлттық құрама капитаны финалда өзбекстандық Шахрам Гиясовпен кездесті. Шахрам Гиясов осы уақытқа дейін төрт жекпе-жек өткізген, оның екеуінде мықты деген кубалық және мароккалық спортшылармен кездескен. Ойын бастала сала, Шахрам Гиясов ескерту алып үлгерді.

Бірде баспен кіріп кетсе, біресе қағып кетсе, енді бірде желкеден ұрды. Бірінші раунтда Данияр шегіншектеп жүруге тура келді, себебі қабағы жарылған соң бұғуға тура келді. Төрешілер 3:0 (29-28, 29-28, 29-28) есебімен отандасымызды жеңімпаз ретінде таныды. Үшінші раунтда өзбекстандық спортшының қабағы жарылып кетті. Даниярдың жұмсаған жұдырықтары дәл тиіп жатты. Сонымен Данияр Елеусінов жеңімпаз болып танылып, олимпиада ойынының алтын медальін жеңіп алды. Данияр Елеусінов ХХХІ жазғы олимпиада ойындарының чемпионы. Жарайсың, Данияр! Ел үмітін ақтады!