МАССАГЕТТІ МЕКЕН ЕТЕМ

Массагет сайты оқырмандарды үлкен-кіші деп бөлмейтін, бір бағытпен қана жүрмейтін, қай  саланың ақпараты  болмасын жан-жақты мәліметке тұнып тұрған таңдаулы танымдық сайт.

Массагетті  ұзақ уақыт сырттай бақыладым. Кеңестерін өмірлік қажеттіліктеріме жаратып, деректерін  білім көкжиегімді  кеңейтуге  пайдаланып келемін.

Байқағаным, бұл  жерден блог ашқан «бақытты жандарға» еркін тақырыпта ой қозғауға, сөз қорытуға рұқсат екен. Ал блогерлердің  жазбаларынан жүректерінің мейірімділігі, сөздерінің  әсерлілігі білінеді. Олардың жасы үлкені ақыл-кеңес беруде аянбайтын жандар, кішілері  дос-жаранды жақсылыққа жетелеп жүрген жалынды жастар. Бәріне ортақ қасиет – үйретуден жалықпау, үйренуден шаршамау екендігін аңғардым. Мен де Массагеттің осындай  блогерлерінен үлгі алып, қадірлі ортаның тұрғыны болғым келеді.

Жазушы Мырзагелді Кемелдің жақсылықтың жаршысы болу турасында «Оқыған, естіген жақсы ой, пайдалы әңгімелерді тарата жүр, менен басқа ешкім білмесін деме. Ағаш саған өзінің саясын, жемісі мен гүлдерін беріп тұрса, мен ғана пайдаланамын деп түбімен көтеріп әкетсең солады» деген сөзі бар еді.

Алдағы уақытта мен де Массагетке тұрақтап мекен етсем,  білгеніммен, оқығаныммен бөліссем, осындағы жазуға жаны құмар жандармен достаса отырып олардан көп дүниені үйренсем екен деймін!



Бөлісу: