Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Массагет порталына түйіндеме қабылдау тоқтады

Массагет порталына түйіндеме қабылдау тоқтады

Массагет порталына түйіндеме қабылдау тоқтады

Massaget.kz порталы редакциядағы екі бос орынға байқау жариялап, жас тілшілерді жұмысқа шақырған болатын. Бүгін жұмысқа тілек білдірушілерден түйіндеме қабылдау ресми түрде тоқтатылды.

Негізінен ниет білдірушілер эссе мен түйіндемені 9 тамызға дейін жолдауы керек еді. Алайда, сайт редакциясы жас тілшілердің "тағы біраз уақыт қоссаңыздар" деген талап-тілегін ескеріп, түйіндеме қабылдау уақытын 12 тамыз (бүгін) сағат 12:00-ге дейін созған болатын. Енді, міне, межелеген мерзімге келіп жеткен соң, жұмысқа тілек білдірушілерден түйіндеме қабылдау ресми түрде тоқтатылды.

Сайтымызға 40-тан аса жас тілшіден түйіндеме келіп түсті. Енді тілек білдірушілер жолдаған түйіндеме мен эссенің негізінде екінші кезеңге өтетін тілшілер іріктеледі. Сайт редакциясы соңғы келіп түскен жұмыстарды қарап жатыр. Бүгін кешке немесе ертең түске дейін үміткерлерге келесі кезеңге өткені не өте алмағаны жайлы хабар береміз. Уақыты мен мекен-жайы жайлы да ақпарат беріледі. Қаласаңыз, тіпті, артықшылығыңыз бен кемшілігіңіз, қай жерден ұтып, қай жерден сүрінгеніңіз туралы да тәптіштеп түсіндіруге дайынбыз. Себебі, бүгін сізді байқаудан сүріндірген кемшілігіңіз ертең де ірі жетістікке қол жеткізуге кедергі болары анық. Сондықтан, Массагет порталы өзіңізді сыртыңыздан танып, шыңдалуыңызға да көмектеседі. 

Ал 2-кезеңде үміткерлер не істейді?

2-кезеңде іріктелген қатысушылар 3-кезеңге өтуі үшін редакцияға келеді. Қатысушының полиглоттық білімін тексеру мақсатында 2 арнайы тапсырма беріледі. Бұл кезеңде тілшінің ақпаратты жеткізе алуы, ізденімпаздығы мен жауапкершілігі басты назарда болады. 

Ендеше, баршаңызға сәттілік тілеймін! Үміткерлерге айтарым, түйіндемеде көрсетілген телефон нөміріңіз қосулы болсын. 

Қосымша ақпарат алу үшін 8 701 455 10 93, 8 702 244 84 14 нөмірлеріне хабарласа аласыздар.

1
Рейтинг: +2

Жазылған уақыты: 10 тамыз 2016, 09:34
Тегтер: massaget.kz, Массагет порталы, сайт, вакансия, жұмыс, қызмет, резюме, түйіндеме, жұмысқа шақырады, қызмет, еңбек, массагет өз таңбаңды қалдыр!,

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.