ҒАЛЫМДАР ҮШІН ТАҒЫ БІР ЖҰМБАҚ...

ҒАЛЫМДАР ҮШІН ТАҒЫ БІР ЖҰМБАҚ...
жеке
блог

Ақмола облысының мәдениет басқармасы құтқару-қорғау жұмыстарын бақылау мақсатында Зеренді ауданындағы археологиялық базаға барып қайтты. Бұл жердегі жұмысты Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы ҚР Ұлттық музейінің «Халық қазынасы» ғылыми-зерттеу институтымен бірлесіп ұйымдастырған болатын. Зеренді ауданының бір ерекшелігі – мұнда 150-ден аса археологиялық ескерткіш шоғырланған. Барлық тарих пен мәдениет нысандары қола дәуірінен ортағасырлық кезеңге дейінгі уақытты қамтиды.

Биылғы жылғы экспедицияның жаңалығы Ақмола облысының Зеренді ауданындағы Кеңөткел ауылы маңында Андронов мәдениетінде бұрын кездеспеген, Алакөл кезеңіне жататын адам мен аттың бірге жерленген қорымының табылуы. Мүмкін Сақ, Түрік мәдениетіне жататын дәстүрдің Андронов кезеңінде кездесуі осы дәуірлердің арасындағы байланыс болар? Ендігі кезек ғалымдарда. Біздің экспедицияның фактілері Ежелгі Қазақстанның тарихын жаңа парақтармен толтырады деген үміттеміз.