Ел сенімін ер ақтар

Ел сенімін ер ақтар
жеке
блог

ХХХІ Жазғы Олимпиада алауының тұтанғаны кеше ғана. Ал, біздің қазақстандық спортшылар қанжығаларын майлап үлгерді. Төрт жылда бір келетін бәсекедегі алғашқы жеңістерімізді Бұқаралық  Ақпарат Құралдарынын өкілдері жарыса хабарлап жатты. 

Алғаш болып қоржынға қола жүлдені салып үлгерген Галбадрах Отгонцэцэг күллі халықты ризашылыққа бөледі.

Миллиондаған жұртшылықтың сенімін ақтаған  дзюдошы Елдос Сметовтың кілем үстінде танытқан шеберлігі әлі ел аузында. Қайсар қазақ баласының өзге құрлықта, екі жүзден аса мемлекет алдында туымызды асқақтата көтергені қандай ғанибет, неткен абырой! Ел сенімін ер ақтар деген осы емес пе?!