Массагет порталы жастарды жұмысқа шақырады
жеке
блог

Массагет порталы жастарды жұмысқа шақырады

Massaget.kz порталы жоғары білімді, жан-жақты, жауапкершілігі мол, бастысы сан түрлі тақырыпта мақала жаза алатын жастарды жұмысқа шақырады.

2011 жылдан бері танымдық бағытта жұмыс жасап келе жатқан портал редакциядағы екі бос орынға байқау жариялайды. Оның бірі - сан түрлі тақырыпта шебер жаза алатын әмбебап тілші болса, ал екіншісіне – экономикасаласынан базалық білімі бар тілші қажет. 

Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар:

– 18-25 жас аралығында болуы тиіс.

– massaget.kz порталының кеңсесі Алматы қаласында орналасқандықтан, Алматыда қаласында тұруы қажет.

Байқау 3 кезеңнен тұрады.

1-кезең. Қатысушылар "Не үшін Массагет порталында жұмыс істегім келеді?" тақырыбына эссе жазып, түйіндемесімен бірге massaget.kz@gmail.com электронды адресіне "Түйіндеме" тақырыбымен жіберулері тиіс. Түйіндемеде:

– фотосурет болуы шарт;

– эссе 1-3 бет аралығында болғаны дұрыс.

Байқауға қатысамын деушілер бүгіннен бастап, (сенбі, жексенбі қабылдана береді) 9 тамызға дейін түйіндеме мен эссені поштаға жіберулері керекПоштаға келген түйіндеме мен эссе арқылы келесі кезеңге өтетін қатысушылар іріктеледі. 

2-кезең. 11 тамыз күні іріктелген қатысушылар үшінші кезеңге өтуі үшін редакцияға келеді. Қатысушының полиглоттық білімін тексеру мақсатында 2 арнайы тапсырма беріледі. Бұл кезеңде тілшінің ақпаратты жеткізе алуы, ізденімпаздығы мен жауапкершілігі басты назарда болмақ.

3-кезең. 15 тамызда үшінші кезеңге өткен қатысушылар бетпе-бет сұқбаттасу үшін редакцияға келеді. Бұл кезеңде қатысушының таным-білімін, IQ деңгейін, психологиясын және креативтілігін тексеретін сұрақтар қойылады.

Үш кезеңнен сүрінбей өткен 3-5 үміткерді жұмысқа орналасуға қатысты қорытынды кездесуге (собеседование) шақырамыз. Өзінің білім-біліктілігін, қарым-қабілетін көрсете алған қатысушы сайтымыздың журналисі атанады. Қазнетті дамыту жолында бізбен бірге иықтаса жұмыс істейді.

Олай болса, болашақ әріптестерімізге сәттілік тілейміз! Массагет порталы сіздерді күтеді!

Қосымша ақпарат алу үшін 8 701 455 10 93, 8 702 244 84 14 нөмірлеріне хабарласа аласыздар.