18 СӘУІР – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЕСКЕРТКІШТЕР МЕН ТАРИХИ ОРЫНДАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІ
блог
2019 жылы 18 сәуір күні сағат 10:00-де «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күніне арналған мерекелік іс-шара аясында шамамен IX-X ғғ. жататын қайың қабығы, ағаштан жасалған «Жебелі қылшанның» таныстырылымы өтеді.
«Жебелі қылшанды» елімізге белгілі қалпына келтіруші (реставратор) Қырым Алтынбеков таныстырады. Бұған дейін реставратор бұл бұйымның қайың қабығынан жасалған қылшан екенін анықтап, 2018 жылы жәдігер «Остров Крым» ғылыми-реставрациялық зертханасында қалпына келтірілген болатын.
Қылшанның тұсаукесерімен қатар музейде «Ұлы даланың ұлы мерекесі – Наурыз» аталып өтеді. Мереке аясында туризм саласындағы әріптестерге музей ісіне қосқан үлесі үшін арнайы марапаттар тапсырылады.
Іс-шараға ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері, музей басшылары, елімізге белгілі археологтар мен ғалымдар қатысады.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында айтылғандай, дала өркениетінің зор қуаты мен эстетикасын әйгілейтін тарихи жәдігерді көзбен көремін, келемін деушілерге есігіміз ашық!
Мекен-жайымыз: Алматы обл., Еңбекшіқазақ ауданы, Рахат а/о, Өрікті ауылы, Есік-Александровка жолы 6,6 шақырым, құрылыс 2.
Анықтама телефондары: 8 (727) 306-91-30;
Музей сайты: www.issykrm.kz