18 мамыр – Халықаралық мұражай күні
блог
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық атқару – жүйесі Комитетінің Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ГМ-172/10 мекемесі бастығының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары әділет подполковнигі Есбулат Ағлепесұлы жеке құрамы қызметкерлерін 18 мамыр – Халықаралық мұражайлар күніне байланысты, Маңғыстау облысы Полиция Департаментінің ведомостволық мұражайына саяхаттады.
Мұражай, бұл өткенді кездестіруге болатын орын, ол біздің пайда болғанға дейін сақталған, өткен уақыттардан қалған, біздің заманымызда үлкен тарихи және мәдени құндылыққа ие.
Міне, 17 жыл бойы Маңғыстау облысы Полиция Департаментінің мұражайы біздің өңір полициясының, милицияның даңқты жауынгерлік және қызметтік дәстүрлерін насихаттап, қолдап келеді. Жеке құрамның патриоттық тәрбиесін жетілдіру мен айналысады.
Жалпы, Маңғыстау облысы Полиция Департаментінің мұражайының құрылу тарихы 2004 жылдан бастап, тарихи құжаттар мен материалдар жинақталған Маңғыстау милициясының жауынгерлік және еңбек даңқы бөлмесінің құрылуынан басталған. 2020 жылы Маңғыстау облысы Полиция Департаментінің мұражайы «Аймақтық ішкі істер органдарының үздік мұражайы» республикалық конкурсына қатысты, оған республиканың барлық департаменттерінің ведомстволық мұражайлары қатысты. Маңғыстау облысы Полиция Департаментінің мұражайы ішкі істер органдарының мұражайлары арасында құрметті үшінші орынды жеңіп алған.
ҚР ІІМ ҚАЖК Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД ГМ-172/10 мекемесінің жеке құрам назарына мұражайдың жетекшісі Акбала Едегеевна Алекешова көрсетіп таныстырды.
Аталған іс-шараны өткізу барысында барлық санитарлық нормалар сақталды.
Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД
ГМ-172/10 мекемесінің кадр саясаты бөлімшесі