18 жастағы Арбитраж маманы Болат Конирбаевпен сұхбат

18 жастағы Арбитраж маманы Болат Конирбаевпен сұхбат
жеке
блог

- Қазіргі таңда логистика және көлік академиясында қала құрылысы мамандығы бойынша оқып жатыр екенсіз. Ол мамандықты таңдауға не түрткі болды?
 
- Менің туыстарымның көбісі осы мамандықты бітірген. Атам, ағаларым және әкем осы құрылыс саласында жұмыс жасайды. Жақсы табыс табады, бірақ ақша үшін емес, алдыға қойған мақсаттарым үшін осы мамандықты таңдауды жөн көрдім. Мен болашақта құрылыс компаниясын ашып, 21 ғасырмен тарихымызды қосып ерекше тұрғын үй кешенін жасағым келеді. 
 
- Мүмкін болса, өткенді өзгерткіңіз келер ме еді?
 
- Жоқ, өзімнің естіген және соған көзім жеткен бір керемет сөз бар:«Сенің қазіргі өмірің – бұрынғы істеріңнің нәтижесі». Егер сен бүкіл қиындықтарыңды, сәтсіз оқиғаларды басыңнан өткізбегенде, қазіргі жетістіктерге жете алмас едің.
 
- Сіздің өміріңізде болған ең үлкен сәтсіз оқиға туралы айтып берсеңіз? 
 
- Наурыз айында Алматыға келген кезіміз еді. P2P курста куратормын, қолыма үлкен ақшалар түсіп бастайды. Мен оған дейін алып-сатумен айналысқанмын, солай адамдардың ұсынысымен Байсат деген базарға барып, жақсы заттар көрсем алып, оны Қарағандыға жібермекші болдым. Бірінші күні 120 мың теңгеге закуп жасадым, екінші күні аш көзденіп сол жерге қайтадан барып 50 дана кішкентай және 50 дана үлкен 80 мың теңгеге Fairy алдым. Нарықтағы бағаға қарағанда 3 есе арзан бағадағы тауарларды көріп, өз-өзімді тоқтата алмадым. Солай бірнеше күн тауарларды Қарағандыға жіберіп отырдым. Жан-жақтан адамдар звандап заттарды  қайтарып жатты, себебі мен алған заттардың бәрі ақаулы тауарлар болып шықты. Сәтсіз оқиға деп осы жағдайды айта аламын.
 
- Арбитраж саласына шағын түсініктеме беріп кетсеңіз. 
 
- Оңай тілмен түсіндіргенде, арбитраж деген ол алып-сату. Мысалы, сіз Қытайдың затын Қазақстанға келіп сатсаңыз, үстінен табыс көресіз. Арбитражда да дәл солай – сіз долларды арзанға аласыз, сосын оны қымбатқа сатып, содан қалған ақша таза пайдаңыз болады. 
 
- Сіз осы салаға қалай келдіңіз? Оған кім себепкер болды?
  
- Арбитраж туралы мәліметтерді 2021 жылдан бастап зерттедім, практика жүзінде де жасап көруге тырыстым. Ол кезде ешқандай курс болмаған еді. 2023 жылы мені және достарымды Алматы қаласына жұмыс бабымен шақырып қалды. Біз келдік, бірақ ол жұмыстың пайда әкеле алмайтынын түсіндік. Енді не істейміз деген сұраққа жан-жақтан жауап іздей бастадық. Жандос Маден, Адиль Ризабеков деген ағаларымыз бізді өздеріне шақырып арбитраж саласын үйретіп, бір аптаның ішінде курс ашып, сол курста куратор болып жұмыс жасадым. Осылайша, p2p жүйесін жақсы меңгеріп, қазіргі таңда осы салада жұмыс жасап жатырмын. 
 
- Өзіңіз сияқты жасөспірімдерге қандай 3 кітапты оқуға кеңес берер едіңіз?
 
- Мен ұсынатын 3 кітап «Самый богатый человек в вавилоне», «Богатый папа, бедный папа», «Волк с уолл стрит».
 
- Сізге жақсы нәтиже әкелген кеңеспен бөліссеңіз. 
 
- Улукбек Шарипов былай деп айтқан еді: «Сіз қай уақытта табысқа қол жеткізетініңізді ешқашан білмейсіз, бірақ  әрқашан әрекет етіп, нәтиже күтуден жалықпауыңыз қажет. Табыс та, ақша да сіз дайын болғанда келеді».

 

сұхбат алушы : Ермекова Амина