Ешкім батыр болып туылмайды

Ешкім батыр болып туылмайды
жеке
блог

Францияның ұлы императорларының бірі Наполеон Бонапарт бір кездері былай деген: «Шын батыр әрбір шайқасты шахмат партиясы сияқты қорытындысына тәуелсіз ойнай алады. Батырлық — қарусыз-ақ шайқаса білу». Қазіргі уақытта біздің қоғамымыздың шынайы батырлары болып өрт сөндіруші-құтқарушылар. Олар, құтқарушылар , тек қана өзінің өмірін тәуекелге тігіп қана қоймай, от пен жалынға барады, олар қорқыныш сезімдерін ұмытып нағыз ерлік көрсетеді. Елордалық өрт сөндірушілер өздерінің батыл әрі батыр , жауапкершіліктері мол, өз істерінің кәсіби мамандары екенін көрсетіп келеді. Гете атап айтпақшы, «Қаһармандық — атақ-даңқтан өзгенің бәрі» деп, өрт сөндіруші-құтқарушылар да дәл сондай. Әрбір орын алған төтенше жағдайға дер кезінде көмекке барудың өзі – қаһармандық.

Сонымен, елорданың 18-жылдығын тойлау кезінде Астанада өрт болды. «101» пултіне сағат 05.42-де қаладағы Шонауұлы, 43 мекен жайында бесқабатты жатақханада өрт болып жатқандығы туралы хабар түсті. Астана қаласының ТЖД «ӨСҚжАҚЖ» ММ сегізінші бөлімінің өрт сөндірушілері келіп түскен хабарға жедел әрекет етті. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер жатақхананың бірінші қабатында электрөткізгіш, кіреберіс есік және бөлмеаралық қабырғалар жанып жатты. Уақытты текке өткізбей жұмысқа кіріскен құтқарушылар өрт сөндіру барысында бірінші қабатта әйел адамның іште қалғанын анықтайды. Қауіпсіз жерге шығару жолдары арқылы шыға алмады, өйткені жоғары температурадан, электрлік ток желісіне соғылу қаупі де болды, шығу жолдарының бәрі қатты қою күрең түтін салдарынан көрінген жоқ және ол әйелдің терезесінде темір тор болған. Осындай жағдайларға қарамастан, құтқарушылардың біреуі Салкеев Асхат өз алдына өте маңызды міндет алып, терезенің алдына ағаш баспалдақты қойып терезені сындырды. Одан кейін темір торды сындырып, бір секундын да жоғалтпай, терезе арқылы ғимаратқа кіріп, А.А.Леонованы алып шықты және дереу сырттағы әріптестеріне берді. Жатақханадағы өрттің өршуіне қарамастан, ғимарат ішімен Асхат 5-қабатқа көтерілді, ал онда І топ мүгедегі К.С.Ибрагимов болған. Қою түтін салдарынан ол кісінің қимылдауы мүмкін болмаған. Санаулы минуттар ішінде Асхат Ибрагимовты көтеріп көшеге алып шықты. Жұмыстың тез әрі жүйелігі арқасында өрт дер кезінде өшірілді.

8-өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушілері 200 адамды қауіпсіз жерге шығарды, олардың 50-і бала, 1-еуі 1-топ мүгедегі. Аталмыш өртті сөндіру барысында Асхат өзінің ерлігі мен батылдығын, алған тәжірибелерін дер кезінде пайдаланып көрсетудің арқасында тұрғындардың алғысын алды.

Өзінің жастығына қарамастан, А.Т.Салкеев азаматтық қорғау сержанты бола тұра, Асхаттың өзі айтпақшы, әр күн сайын жасаған ерліктерін ол тек қана күнделікті жұмысын атқару барысындағы қызметтері деп қана бағалайды. Жұмыстастары Әлиқазы Дәрмен мен Ілиясов Абылайхан Асхат туралы өз қызметінің адал әрі жауапты, сабырлы әрі ұқыпты жұмысшы деп айтты. «Ол өз жұмысына талап қойғыш және мәселе біреудің өмірін құтқаруда тұрса, ол тәуекелге бару керек пе, жоқ па деп ойланбастан-ақ көмек беруге қол созады. Олмен бірге төтенше жағдай орын алған жерге барғанда құрам бойынша оған арқа сүйей аламыз және сенімдірек боламыз, өйткені Асхат тумысынан жетекші болуға лайықты жан, ол әрбір әрекетті дұрыс бағдарлай алады және өз жұмысын қалтқысыз атқара алады» - дейді Абылай хан. Асхаттың өзі бала кезінен Қазақстан азаматтарын қиын-қыстау кезде құтқару үшін әскери адам болуды армандаған. Кішкентай кезінен спортпен айналысып, түрлі жорықтарды жақсы көрген. Асхат жасөспірім шағында әскерге барып, Отан үшін қызмет еткісі келетін анық түсінді. Отан алдындағы әскери борышын өтеп жүріп Асхат сан мәрте өз жұмысына деген кәсібилі мен адалдығын көрсетті. Көптеген ірі әрі қиын өрт оқиғаларын өшіруге белсенді қатысты және әртүрлі деңгейдегі авариялық-құтқару жұмыстарына ат салысты, 2013 жылы Солтүстік Қазақстан облысындағы су тасқанынан кейінгі жұмыстарға қатысты. Жедел әрі төтенше жағдайлардағы адам өмірін құтқаруға байланысты көрсеткен батылдықтары үшін Салкеев Асхат Төлегенұлы «Ерлігі үшін» мемлекеттік медалімен марапаттауға ұсынылды. Батырлар – батыр болып туылмайды, олар шайқастарда туылады, Асхат та бәрі білуге тұрарлық дәл сондай батыр.