Қауіпсіздік бекетіндегі ең үздік қызметкер

Қауіпсіздік бекетіндегі ең үздік қызметкер
жеке
блог


Жақсы маман болу бәрінің қолынан келе бермейді. Өз жұмысыңды жан-тәніңмен сүйіп жасау керек және өзіңді сол жұмысқа арнаған абзал. Қызмет барысындағы жетістіктер адамның өз міндеттеріне қалай қарауына байланысты. Жұмыс орнындағы атмосфераға құрмет пен сабырлылықтың рөлі аса зор. Әр саланың өз қиындықтары бар, ол мүмкін физикалық, мүмкін моральдік.

Қауіпсіздік бекетіндегі бекетші дегеніміз кім? Ол өз әріптестерінің қауіпсіздігіне жауап беретін және бекетте тұрса да ГТҚҚ тобымен үнемі байланыста болатын адам. Оның иығында адам өмірін құтқаруға деген жауапкершілікпен қоса, өз әріптестерінің де өміріне деген жауапкершілік тұрады. Өйткені дәл осы бекетші, бекетте бола тұра, кислородтың (ауа) шамамен қанша қалғандығын есептеп тұрады, тек қана ол емес, сонымен қатар ГТҚҚ бірліктерінің өрт ортасында қанша уақытының қалғандығын да есептеп отырады. Бекетші құтқару жұмыстарында өте маңызды рөл атқарады. Қауіпсіздік бекетіндегі жауапкершілікті өз мойнына жүктеген адам уақыт тығыздығын дұрыс пайдаланып және есептей алумен қатар, ГТҚҚ топтарымен бірлесе жұмыс істей алуы керек. Орын алған жағдайға бейімділік және шапшаңдылық қасиеттері – бекетте тұрған жұмысшыға ең қажет қасиеттер.

Ерік Ізтаев өз жұмысын мақтан тұтады. 2009 жылдан бастап Ізтаев өрт сөндіру қызметінің №6 бөлімде қызмет етіп келеді. Ол әр жыл сайын өз алдына жаңа мақсаттар қойып, сол мақсаттарына жету үшін өз кәсібінің үздігі болуға тырысады. Оның белсенді қызметі мақтауға тұрарлық, өйткені Ерік жыл сайын «Қауіпсіздік бекетіндегі үздік бекетші» байқауына қатысып келеді. Және сағы суға кетпестен, үздік болуға жыл сайын тырысып келеді. 2013 жылы ол ІІІ дәрежелі «Құтқарушы» төс белгісімен марапатталды, ал 2014 жылы ол аға өрт сөндіруші болды. Ал былтыр «Қауіпсіздік бекетіндегі үздік бекетші» байқауынан 3-орынды иеленсе, биыл лайықты 1-орынды алды. Бұл Еріктің Ізтаевтің өспелі кәсібилігінің көрсеткіші. Ол осы жолда тоқтап қалмайды, Еріктің өзі айтпақшы, сен қанша марапаттауға ие болсаң да, алға басқа мақсаттар қоя білу керек. Өрт сөндіру қызметінің дәл осындай қызметкерлері басшылық тарапынан да бағаланады және өзге әріптестеріне үлгі бола алады.