ҚР Журналистер одағының мүшесі жастармен кездесті.

ҚР Журналистер одағының мүшесі жастармен кездесті.
жеке
блог

27 шілде күні «Ұрпақтар сабақтастығы» жобасы аясында қала жастары, жасотандықтар белгілі журналист, жазушы, ҚР Журналистер одағының мүшесі Есберген Іңірбайұлымен кездесу өткізді. Кездесу қаладағы «Жастар үйі» ғимаратында өтіп, әсерлі әңгімемен мағыналы мағлұматтар айтылды. Қатысушы жастар тарапынан сұрақтар мен ұсыныстар қойылып, жазушының еңбек жолдары, шығармашылық жолдары да әңгімеге арқау болды.

         Есберген Іңірбайұлы көп жылдар бойы журналистік қызмет атқарып, шығармашылықты да қатар алып жүрген білікті журналист, бірнеше кітаптың авторы. Оның еңбектері мен ақыл кеңестерін жастар маңызды деп санайды. Жазушы өз сөзінде бүгінгі қоғамның қауіпті тұстары мен жастардың неге мән беру керек екенін тілге тиек етті. Одан да басқа рухани байлық, салт дәстүр, үлкенді құрметтеу бағытында өткір ойларын жастарға жеткізіп айтты. Елбасының ұлт жоспары «100 нақты қадам» мен «Мәңгілік ел» идеясының басым бағыттарын көрсетті. Кездесу соңында жазушы жастарға естелік ретінде «Маңғыстау батырлары» туындысын қолтаңбасымен қалдырып, естелік суретке түсті.

«Ұрпақтар сабақтастығы» жобасы бүгінгі күнге дейін бірнеше қоғам қайраткерлері мен белгілі тұлғалардың жастармен кездесуі өткізілетін құнды алаңға айналды. Жоба жастармен үлкендердің арасындағы сабақтастықты жалғайтын көпір ретінде, әлі де талай зиялы қауім өкілдерінің ақыл кеңестерін жастарға жеткізетін болады.