Шабыт | Ынта
жеке
блог

Шабыт | Ынта

      Ия, өмір өз арнасын жалғастыруда тоқталып қалғандай көрінетін кездер әрбір адам басынан өтетін жағдай. Осындайда тіпті орныңнан тұрып шаруа істеуге зауқың болмайды. Бірақ, қамшының сабындай аз өмірде, осылай уақыт кетіру дұрыс шешім емес. Дегенмен “көп армандаймын, бірақ оған жету үшін мен жалқаумын” дейтін адамдары түсінбеймін. Ондай адамдар тіпті, не үшін жер басып жүргенін де білмейтіндей көрінеді. Көбінесе, өнер адамдары “шабыт” деген ұғымға зор мән қояды. Себебі, мемлекеттік жұмыста жасайтын адамдар үшін тек уақтылы жұмыс жасаса болғаны. Ал, өнер адамдары қандай да бір дүниені туғызу үшін шабыт және ынтаға жүгінеді.

Мысалы, кітап жазуды алсақ, оның жазылуына айлар, тіпті жылдар керек. Сонымен қатар, уақыт және психолиялық жағынан да тұрақтылық болуы шарт. Ал, осы кітапты жазып аяқтау үшін бір ғана шабыттану жеткіліксіз. Негізі, психиолог мамандардың айтуы бойынша жақсы кино көру және жақсы өлең тыңдау шабыттанып, ынталандырады дейді. Бірақ, қазіргі заманда нақты  “ жақсы кино”  немесе  “жақсы музыка”  деген ұғым жоқ. Себебі, бұл тұрғыда әр адамның талғамы әр қилы. Кез келген бастаманы шегіне жеткізу үшін бір ғана кино, музыка жеткіліксіз. Ал, осындай жағдайда шабыт және ынтаны қайдан алуға болады? 

• Жоспар. Қандай  да бір жұмыс бастамас бұрын, нақты мақсат және сол мақсатқа жету жоспары болуы қажет. Егер де осы бастаманы аяқтау қиынға соқса, жоспарды бір қарап шығып,  барлығы қалай және үшін басталғанын түсінуге болады.
• Кітап. Қазір қарбалас заманда, уақыттың аздығынан кітап оқуға ешкім жүгінбейді. Бірақ, егер қандай да бір кітапты ашып оқитын болсаңыз, бізге дейін қаншама керемет адамдар өмір сүргенін түсінесіз. Және сол адамдардың ойларын, идеяларын оқи отырып шабыттанатын боласыз. Күніне 15 минут бөліп, бір – бір тараудан оқысаңыз да жетіп жатыр.
• Табиғат. Таза ауа, жасыл табиғат қай ғасырда болмасын адамға кері әсерін тигізбеген. Егер күйбелең тіршіліктен сәл алыстап, адам аяқ баспайтын жерге барсаңыз, миыңыз демалып жаңа ойлар туындайды.
• Өзгеріс. Күнделікті айналаңызда болып жатқанның барлығын айына бір рет болсын өзгертіп тұрған дұрыс. Мысалы, ол сәнді киімдер, шаш үлгісі, жұмыс орны немесе т.б болуы мүмкін.
• Спорт. Міндетті түрде күнделікті спорт залға барып шынығу немесе салауатты өмір салтын ұстану емес. Жәй ғана ерте тұрып күніңізді таңғы жүгірістен бастасаңыз осының өзі керемет шабыттандырады.

      Шыны керек, бізді қоршаған айналаның барлығы шабытқа толы. Тек ғана әрбір адам өзіне керектісін тауып жатса болғаны. Себебі, әркімнің айналыстасын ісі мен таланты әр түрлі емес пе?! Өміріңізде сәл үзіліс жасап демалған, әрине дұрыс. Бірақта, шын мәнінде өмір сүріп, адам баласы білмеген дүниелерді туғызып әрқашан армандап, алдымызға мақсат қойып, шабыттынып, ынталана білейк!