Кеше мен бүгін – біздің амалдарымыз, болашақ – біздің мақсатымыз

Кеше мен бүгін – біздің амалдарымыз, болашақ – біздің мақсатымыз
жеке
блог

Үлкен бір жұмысты сәтті орындаудың бір ғана жолы бар. Оны сүю қажет

(Стив Джобс)

  Арманы ұшқыр, мақсаты берік жандар көңіліз қалай? Бұл тақырыпта «болашақ», «мақсат», «арман» деп аталатын мотивациялық терминдермен жұмыс жасаймыз. Ал, ендеше кеттік!

Кешемен, бүгінмен өмір сүресіз бе? Өзіңізге шын әрі нақты жауап беріңіз. Жоқ, бүгінмен өмір сүруді дәл қазір доғарыңыз. Бүгін мен ертең өткенде қалады. Келешекті армандап, мақсат тұтыңыз! Болшаққа жету жолында мақсатты пайдаланып, мақсатқа жету жолында «кеше» мен «бүгін» деп аталатын  амалдарды қолданып отырамыз. Бұл – біздің арманға жету жолындағы аялдамада қалатын заттар. Сондықтан аялдамаға тастауды ұмытпаңыз. Үш-төрт секунд ішінде тастауыңызға болады.

  Болашақ – біздің өміріміз. Келісесіз бе? Алдымызға қойған мақсат пен армандардан тұратын үлкен жиынтық. Әрбір жанның биікке көтерілуі, ұшуы, құшағын жая самғауы бәрі болашақта. Біз болашақты емес, болашақ бізді күтеді. Оған жету жолында  сансыз қиындықтар мен айла-тәсілдердің сан түрін көреміз. Болашаққа жету арқылы өмірдің мәнін түсінеміз. Солай емес пе? Болашаққа деген жоспарымыз да сақадай сай. Нені армандаймыз? Нені қалаймыз? Сізде барлығы белгілі. Оны тек сіз бен жақын адамдарыңыз біледі. Бірнеше тақырыпты оқу арқылы арман-мақсатыңызды нақтылаған, жетістікке жетуге талпынғыш жансыз! Бұнымен тоқтап қалмай, ісіңіз бен әрекетіңіз арқылы биіктен көрінуге талпыныңыз!

  Кей адамдар болады бүгінгі күніне қарай отыра өмір сүріп, болашақта жүріп сол күнді еске алып, армандап отырады. Бақытты адам ешқашан өткеніне өкінбейді.

Ешқашан берілмеңіз!

Қанша жерден кеш бастасаңызда сіз ерте бастап отырсыз. Осыны ұмытпаңыз! Тағы да қайталап айтамын бүгінмен өмір сүрмеңіз! Егер де мұндай жағдайға тап болсаңыз, қазіргі секундтан бастап тастаңыз.

Өмір ғажап екенін ұмытпаңыз! Жалқаулықты тастаңыз! Алдыңғы тақырыптарда «жалқаулық» атты керексіз қоқыстар жайлы сөз қозғаған болатынбыз. Ендігі кезекте осы тақырып аясын тереңдете түсеміз.

Жалқаулық табысқа жетелемейді. Әрдайым өзіңмен жұмыс істеп, шешімін іздеп, алға жылжып отыру керек.

Менің зерттеуім бойынша «Адамдар неге жалқау?» деген сұрақ аясында сауалнама жүргіздім. Көп адамдардың бір айтатын жауабы ынтаның жоқтығына байланысты дейді. Иә, менде солай жауап берер едім. Адамда «ынта», «шабыт», «ниет» болмаса, ештеңе де шықпайды. Ішіңізден ынтаны қайдан алу қажет деп ойлап жатқан боларсыз? Ол тек сіздің алға қойған мақсатыңызға байланысты. Мақсатыңыз сізді шабыттандыра ма әлде бос мақсат па, өзіңіз ойланып көріңіз. Сондықтан бізде әрқашан мақсатымыз болу қажет. Онсыз бұл өмірде бір жұмыс тындыру мүмкін емес. Сіздер көбіне бүгінмен өмір сүретін жандарсыздар. Әрқашан өткен күнді еске алып, сол арқылы жүзіңізге күлкі ұялатып жүресіз. Бұл дұрыс емес. Керісінше сіз мақсат пен арманыңызды көз алдыңызға елестетіп, қиялдап қуанғаныңыз оң болады. «Болашақ» деген сөзді естіген сәтте қандай күйде боласыз? Керемет емес пе? Өсесің, өркендейсің, аңсаған арман-мақсаттарың орындалып, үлкен бір басшы болып отырасыз. Сол себепті сіз қазірден бастап еңбектенңп, талпынып, ұйқыңызды сәл де болса демалысқа жіберіп, алдыға жылжуыңыз қажет. Есіңізде болсын адам баласына өмір бір-ақ рет беріледі. Ешқашан кері тартпа болмаңыз! Жетем дедіңіз бег, жетіңіз. Өсіңіз, өмір әлі алды да. Сіз мүмкін 16-17 жастағы оқырман боларсыз, сонда да бұл жастан бастап талай істерді тындырып тастауға болады. Тіпті, жан-жақты болып әр түрлі курстарға қатысып, өзіңізді өнерге де баулып алуыңызға болады. Ойланыңыз! Уақытыңыз көп, үнемдеп те, жақсы пайдаланып та үлгеріңіз. Бүгінмен және кешемен өмір сүруді тоқтатыңыз. Жетер енді! Басыңызды көтеріп, ояныңыз. Сіз секілді қаншама жандар тер төгіп еңбек етіп жатса, сіз болсаңыз әлі бір шыңға да шыға алмай, елге мазақ болып жүрсіз. Осындай сөздерден кейін қалай шабыттанбайсыз?

Жалпы менің ойымша, адам баласының мамандық таңдауы да өте қызық деп ойлаймын. Ол әр нәрсеге байланысты болады. Біреуінің дәрігер болуы енді біреуінің мұғалім болуы... Жағдайлар мен құбылыстарға байланысты адамның мақсаттары мен шын мәніндегі кім болатыны пайда бола бастайды. Өзіңіз айналаңыздағы кез келген адамнан сұрап көріңізші? Ол неге ондай мамандық таңдады, не себепті, не үшін? Сауалнама ретінде байқап көріңіз. Мысалы, кей адамдар тұрмысы нашар болғандықтан ата-анасын асырау мақсатында алдына үлкен арман қойып, оған жету жолында бәрін жасап та істеп те үлгеріп жатады. Солай кез келген жанның бір мамандық иесі болуы бірден беріле салмайды. Сізде мүмкін ондай оқиға болмаған шығар, бірақ сіз өзіңіз үшін бәрін жасауыңыз керек. 

«Сәттілік – өмірге құштар адамдармен бірге»

  Біздің қазақ халқымызда ескі дәстүрлер мен тиым сөздерге өте қатты баса назар аударады. Кей жағдайларда сенудің де қажеті болмай жатады. Қария апа-аталарымыз сонау ескі дәуірімізден келе жатқан ата-бабамыздың сөздері мен нақылдары екенін, солардан қалған мұраны қастерлеп ұстау керектігін айтып жатады. Ал мен мұндай жағдайларға өте қатты келісе алмаймын. Заман өзгереді, бірақ салтымыз бен әдет-ғұрпымыз міндетті түрде біздің жадымызда сақталады. Негізгі мәселеге көшейік! Мен бұл кітапты жазбас бұрын Аманжол Рысменждиевтің «Өрлеу» кітабын оқыған болатынмын. Бұл кітапта да жас балалардың кішкентай кезінен бастап әке-шешелерінің қатаң заңдарын ұстап отыруы жайлы сөз қозғайды. Сізге де осы жайлы өз сырыммен және ішкі ойларыммен бөліскім кеп отыр.

Біз дүние есігін ашқан сәттен бастап, қазағымыздың сан қилы дәстүрімен ұшықталып өсіп жетілеміз. Бәрін бірте-бірте үйреніп, өзіміздің салтымыздың заңдарымен танысып, кей уақыттарда  қарсы келіп жатамыз. Міне, «бүйтпе, олай істеме, жасама» деген тоқтау сөздері бізді басып тастайды. Мүмкін содан қазіргі жастардың ұяң болуы да осыған байланысты. Іштей қазіргі заманның жастары дәл осындай ма деп таңғалмаңыз. Ішінде баршылық... Сондықтан кез келген ата-ана өз баласына кішкене болса да ерік беруі керек. Жан-жақты өзін жетілдіре отырып, өзіне де өзгеге де пайдасы молырақ болар еді.

  Өзіңіздің ортаңыздағы жандарға назар салып байқап көріңізші, он адамның тоғызы мамандық таңдауда ата-анасының ойымен жүреді. Осы қателіктен бала бірде мына пәнді, енді бірде ана пәнді таңдаймын деп басы  сан-саққа кетіп жатады. Ағылшынды таңда дейді, ол көңілден шықпағасын, мына пән биология таңда дейді сөйте-сөйте сіздің яки баланың психологиясы мүлдем өзгере бастайды. Сол себепті өз еріктеріңізбен жүруді үйреніңіз. Мақсат пен арманның жоғы да осы түпкі тамырдан басталады. Сіз кей уақытта мақсаты мен арманы жоқ адамды байқайсыз, іштей таңғаласыз. Түсінбейсіз... Иә, барлығы дәл осы қателіктен басталғанын түсінген боларсыз. Сонымен бұл жайлы жақсы түсініп, болашақта сіздің балаңыз болғанда мұндай қателікті жібермегейсіз.

   Баланың мақсаты тұрмақ арманы мүлдем болмаған және бола алмайтын күйге жеткісін оның ішкі арманы сөне бастайды. Ұтқыр ойланып, өміріңізді басқа бетке бұрғайсыз.

«Мақсат», «әрекет», «жетістік» өте жақсы сөздер. Өміріңізді сәнді де мәнді қылдырардай?! Мақсат пен жоспарға жету барысында сігез айтар ұсынысым неғұрлым көбірек қиялдаңыз. Қиял – кез келген уақытта сіздің күшіңіз арқылы шындыққа айналады. Әсіресе, жатар алдында болашақты армандап, таңертең өз алдыңызға жоспарыңызды құрып, кешке ұйықтар алдында өзіңізге есеп беруді ұмытпаңыз! Жетістікке әр кез жететін адамдар әрқашан қиялмен ұйықтап, жоспармен оянады. Әдеттерді әдеттерге айналдырған жақсы. Үйреніңіз!

Жаттығыңыз. Айнаға қарап, өз бейнеңізге тамсана отырып, өз-өзіңізді мақтаңыз. Осылай жүріп, әйтеуір бір өзіңізді үйретесіз. Ешқашан берілмеңіз, тағы қайталап айтамын өзіңізден шабыт алыңыз, алға ұмтылыңыз, шаршамаңыз. Өзімнің сізге айтар бір нақыл сөзім бар. Қиын жұмысым басталған сәтте соңына дейін шыдап, «ух..» деп бітірер сәтте «Шаршаудан шабыт ал» деген жеке да дара сөзім шыққан болатын. Кез келген жұмысты бастар алдында өзіме серт беруден бастаймын.Іштей соңына дейін жететініме сеніп, өзімді көндіріп, «Закон притяжение» жасап жатамын. Бастапқы тақырыптарда бұл жайлы сөз қозғаған болатынмын. Адам кез келген жұмысты ынтамен, сүйіп жасаса бәрі жеңіл де, оңай болатынына сеніңіз. Өйткені сіз оны шын жүрекпен жасап жатырсыз, әрине, бұндай істер тиянақты да ұтымды шығары сөзсіз. Сараптамадан өткізіп көріңіз.

   Сонымен оқырман қауым  «кеше», «бүгін» деп аталатын жағымсыз тіркестерді сіздер ешқашан ойламайсыздар да қиялдамайсыздар! Өте жақсы. Керісінше «болашақ», «мақсат» деп аталатын жаңа терминдерді санаңызға сіңіре отырып, жағымды істермен айналысып жүрген жандардың бірі де бірігейісіз. Шүкір дейік, бұл тақырыптан да  жақсы қасиеттер мен жағымды ойлар ала алдыңыз деген сенімдемін!