Кореяны мойындатқан қазақ балалары
жеке
блог

Кореяны мойындатқан қазақ балалары

Білекке емес, білімге сенетін заман ағымынан қазақ жастары да кенде емес. Оның дәлелі қазақтың көк байрағын Кореяның «SOLBRIDGE»  университетінде көкке көтерген жас өрендердің еңбегі. Солардың бірі Әйгерім Бағланбекқызы. 

-Әйгерім, еліңнің үмітін арқалау сен үшін қаншалықты ауыр болды?

-Шынымды айтсам,өзімді Қазақстаннан алыстаған сәттен бастап арқамда ауыр жүк тұрғандай сезіндім. Жобаны қорғағанда да, менің әрбір сөзім Корялықтарға елімнің қаншалықтықты білімді екендігін көрсететінін ойлағанда, бойымды үрей биледі. Алайда, ғылыми жобамды ойдағыдай қорғап шықтым. Маған тіпті Кореялық профессорлар қол соқты.

-Жүлде алған кезіңде қандай сезімде болдың?

-Ол сезімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Неге екенін білмеймін, көзіме еріксіз жас келе берді. Қуаныштың көз жасы ғой (күлді). Бағанағы ауыр жүк атаулыдан құтылғандай болдым. Елімнің үмітін ақтағаныма сене алмай біраз дел-сал болсам да, кейін қатты қуандым.

-«Таңғы балғындық» еліне саяхатың несімен есте қалды?

-Корея өте әдемі мемлекет. Қонақжайлығымен қазақтарға біраз ұқсайды. Өзге жерде жүрсек те, өз тілімізді ұмытпадық. Кореялық азаматты қазақша сөйлеттік. «Қазақстан, сәлем!» деген екі ауыз сөзді айту ол кісіге оңайға соқпаса да, айтып шықты. Қазақ тілі қиын екендігін де біршама мойындап қалды.

Өзге құрлықта өткен жарыста қазақтың жеті жас өрені өнерін көрсетті. Жүлдемен қайтқан жеті оқушы жетекшілері Сексенова Роза Ербозымқызына алғыс білдіреді. Ал, дарынды жастарға жарайсыңдар деймін!