Болмасаң да ұқсап бақ...
блог
Сәлем достар! Демалыстарыңыз қалай өтіп жатыр?
Мен бүгін екінші мақсатым - домбыра шертуді орындамақпын. Мақсатымды Секен Тұрысбектің "Көңіл толқыны" күйімен бастадым.
Атақты күйші атаның өмірінен дерек келтіре кетсем Секен Кәрімұлы Тұрысбеков, азан шақырып қойған аты Серікболсын, 1961 ж. 1 мамырда Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданында дүиеге келген. ҚР еңбек сіңірген әртісі, қазақ композиторы, домбырашы, күйші. Семей музыка училищесінде оқып, содан кейін, Алматы консерваториясын (қазірғі Қазақ ұлттық консерваториясы, М.Әубәкіров жетекшілігімен) бітірді. Консерваторияны бітіргеннен кейін "Сазген" ансамблі кұрамында еңбек етті. 2001 ж. Еуразия университеті жанындағы "Қоңыр қаз" ансамблінің көркемдік жетекшісі болып тағайындалды.
Секен Тұрысбеков - "Көңіл толқыны", "Ақжарма", "Ақ жауын", "Балауса", "Дарабоз" күйлерінің және "Аққу сазы", "Ерке құсым", "Көктемім менің", "Қоңыр қаз", "Шағала" әндерінің авторы. Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты.
P.S "Болмасаң да ұқсап бақ..." - деп ұлы Абай атамыз айтпақшы Секен атадай күйді төгілте, жаңғырта, қайғырта, күлдірте, ойната, жылата ойнауға бар күшімді салдым. Бұдан кейінгі орындайтын шығармаларым бүгінгіден де жақсы болатынына уәде беремін.