Алтын күн аялайды Қапшағайды

Алтын күн аялайды Қапшағайды
жеке
блог

Сабыр мен шапағат сырын шерткен,

Қапшағайға алтын күн нұрын төккен.

Іленің арманы ғой мәңгі болу,

Қапшағайдың сырласы еркелеткен.

 

Жаздағы жапырақтың жайқалуы,

Ыстық самал желдің кеп шайқалуы,

Толқындатып, шалқытып мөлдір көлді

Жатқандай тасытып сол кең көңілді.

 

Қапшағайым, байсалдысың әрдайым

                                            жомартсың сен,

Қандырасың келушіңді шат көңілге.

Құр кетуші ме еді бірде - бірі айтшы, еркем

Тоймай, сен сыйға тартқан асыл нәрге.

 

Аспаныңмен сырласам әр таң сайын,

Алтын күннен қуат алам таңғажайып.

Жұлдыздарға шомылып айлы түнде,

Өсіп келем шыңдалып, қанат жайып.

 

Алғысымды саған деген жазсам егер,

Жетер ме еді, миллиондаған парақ беті?

Сезесің ғой сол жүрекпен кеудеңдегі

Жаздап, жайнай беретін мәңгі еркін.