АРМАНМЕН ТАНЫСУ

АРМАНМЕН ТАНЫСУ
жеке
блог

Арманадар орындалады, мен оған сенем! Менің бүгінгі таңда алға қойған мақсатым бар. Арманым айқын. Мені осы сайтпен тансуға жетелеген де сол арман. Әуелі, сөз басын амандасудан бастаған абзал еді. Бірақ осылай бастағанды жөн көрдім. Сайт қолданушыларына жалынды сәлем!
Бұл сайттан қызықты мәліметтерді ылғи оқып, қарап жүремеін. Тіркелудің сәті осылай түсіп отыр екен, осыған да рақымет! Сонымен, сөздің басында арқау еткен арманыма тоқталсам. Бүгінде мені алға жетелеп жүрген, жолымда жарық сәуледей жарқырап тұрған асыл арманым ол - ЖУРНАЛИСТ болу. Осы арман орындалу үшін нақты қадамдар жасалу керек. Мен арманыма апарар алғашқы баспалдаққа қадам басқалы отырмын. Сәтін салса, жолымда кезіккен кедергілерге қарамай алға ұмтылып, өз мақсатыма жетем деп сенем. Журналист болудың қандай қиын да, қызық екендігін осы саланың нағыз майталмандары өте жақсы біледі. Оны қайталап айтудың реті бола қоймас. Десе де мен үшін бұл орта қайнап жатқан қазан іспеттес.
Мен алдағы уақытта өзім білетін және өз басымнан кешкен қызықты оқиғалармен, сондай-ақ мәліметтермен бөлісіп отыратын болам.