Қанағат қарын тойғызар...
жеке
блог

Қанағат қарын тойғызар...

"Қанағат қарын тойғызар" демекші аптаның екінші қорытындысына әзірше қанағаттанамын. Осы жолы математика мен тарих пәндерінен онлайн тест тапсырдым. Әрине, бірден жақсы нәтижеге қол жеткізу оңайға түспес, бірақ еңбекқорлық бәрін жеңетініне сенемін.

    Математикадан тест тапсыру барысында тригонометрияны қайталау керегін байқадым. Сонымен қатар, геометриядан да біраз тақырыптармен жұмыс істейтін боламын. Мамыр айынан бастап математикадан "Талапкер" кітабындағы есептерді шығарып бастаған едім. Әр тақырыпта 120-200 есепке дейін бар. Қазір "Мазмұнды есептер" тақырыбына келдім. Бұл кітаптың төртінші тақырыбы. Сондықтан болар тест барысында қысқаша көбейту, теңдеулер, мазмұнды есептерден мүлде қиналмадым деп айта аламын. Ал әзірше мына тест нәтижесіне қанағаттанамын. Байқау соңында математикадан 20 баллға қол жеткіземін.

 

    Қазақстан тарихы пәнінен 13 балл. Әрине, бұл өте ұят. Бұл негізі тақырыпқа деген қызығушылығымның арқасында дер едім. Мысалы, менің есімде Ежелгі Қазақстан тарихы ерекше есте қалады. Өздеріңіз білетіндей тестте ежелгі дәуірден сұрақтар көп келмейді. Содан кейін Орта ғасырлардан хандарды жаттағанды жақсы көремін. Ал кейінгі 19 ғасырдағы саяси оқиғалар мені мүлде қызықтырмаған соң ба екен, қанша оқысам да, әсте есте көп қала бермейді. Сол сияқты мәселелерде өзіммен талай күрес жүргізуім керек.

 

   Апталық қорытындым - 87 балл. Әлі де еңбектену қажет деп санаймын. 

P.S. Келесі аптада өз дайындығымнан видео есеп беретін боламын. Көріскенше достар!