Адам болу - парызым
жеке
блог

Адам болу - парызым

      Еліміз егемендік алып, еңсе көтеріп келе жатқан тұста атқарылып жатқан жұмыстар күн өткен сайын  арта түсуде. Қоғамның қайсыбір саласында болмасын тәуелсіздігімізді нығайтуға бағыттылған игі істер жасалып жатса, ол ертеңгі ұрпақ алдындағы борышымызды ақтау деп түсіну әрбір азаматтың міндеті деп білемін.

      Републикамыздағы қазіргі экономикалық ахуал білім беру саласына, әсіресе ұрпақ тәрбиелеу ісіне үлкен міндет жүктелуде. Әлемдік өркениетке талпыныс жасаған Қазақстанның бүгінгі жағдайында ұлттық болмысты сақтау мен ұлттық дүниетаным, ұрпақ тәрбиесінің проблемалары мен көкейкесті мәселелері кімді де болса толғандырары анық. Ұлттық болмысты сақтау, ең алдымен, қазақ тілін білу мен оқытудан басталатынын уақыттың өзі дәлелдеп отыр. Әлемге танымал зайырлы мемлекеттің болмысы, ерекшеліктері, мемлекеттік тіл мен ұлттық кадрларымызға байланысты екені шындық. Еліміздің діңгегі де сол ана тілдің қадір-қасиетін бүгінгі, ертеңгі ұрпақ санасына сіңірудежатқаны да айдан анық. Ана тілдің аясын кеңейтіп, қанымызға сіңіретін бірден-бір орын ол -мектеп. 

      Мектеп әрбір адамзаттың өмірін жаңа бағыттарға бұрып, тұлға қалыптастырушы ең қадірлі алтын ұя десем қателеспес едім. Әр баланың талантын ашып, дарынын ұштап елімізге еңбек ететін азаматтарды тәрбиелеп шығуға үлкен үлесін қосатын білім ошақтарының мәртебесі жоғары. Еліміздің қолдауымен, мінекей, жаңа технологиялармен жабдықталған заманауи білім ошақтары салынып, халықтың пайдалануына берілуде. Бұл еліміздің кешегі, бүгінгі жастарымызды бар жағынан қолдау және де еліміздің мызғымас берік діңгегін қалыптастыру. Дамыған отыз елдің қатарына ену үшін елін дамытар, өркендетер дарынды да парасатты жастарымызды тәрбиелейтін мектеп екені анық.

      Мектеп. Мектеп бізді білім нәрімен сусындататын ардақты орын. Алтын ұямыздың қабырғасында жүргенде алған әрбір білімің, тағылымың келешегіңнің кепілі. Біз мектепте жүргенде Абай атамыздың ғибратты сөздерге толы өлең жолдарын оқу арқылы өзімізге ой түйеміз, өмірге деген көзқарасымызды өзгертіп, ақылымызды толықтырамыз. Абай Құнанбаевтың "Ғылым таппай мақтанба" өлеңі жаңа дамып келе жатқан оқушыға өмірде керек пен  қажетсіз дүниенің ара жігін айыруға мол себебін тигізетін тағлымды өлең екені белгілі. Сонымен қатар, бас ақынымыздың "Сенде бір кірпіш дүниеге, кетігін тапта бар қалан" деген өлең жолдары есіме оралып отыр. Бұл дүниеге кез-келген адам жәйден-жәй келмейді, ол да бір өмірдің кірпіші. Өмірге келген әрбір жан адам болып өз орнын қалдыруға талпынад және сол талпынысы биіе шыңдарды бағындырып, нағыз адам болып қалыптасуына себебін тигізеді. Менде елімізге бір кірпіш болар парасатты адам болу парызым!