Жазылуға тұрарлық 10 қызықты қазақстандық Instagram парақша

Жазылуға тұрарлық 10 қызықты қазақстандық Instagram парақша
жеке
блог

Сәлеееем, достар! Көптен бері жазбағасын компьютердегі пернетақтаны басқан қызық сезім екен. Бірақ мен бұғанда тез үйреніп кетермін. Біраз үзілістен кейін мен өзімнің жазатын ауруымды қайтадан бастадым. Осы жолы менің сүйікті әлеуметтік желім Instagram-ғы маған қатты ұнайтын 10 парақша жайлы болмақ. Ал, кеттік!

1. Idea Hub - бірнеше талантты инстаграмерлардан тұратын ұйым. Егер сіз суретке қатты қызықсаңыз, бұл парақша сізге үлкен шабыт береді. Осы парақшадағы суреттерге қарап өзімнің суреттерімнің әлі де алыста қалып келе жатқанын түсінесін. 


2. fkdp_ - Айдар Рахманов қателеспесем жас режиссер, бірақ Instagram-да өзінің ерекше дауысымен және әзілдерімен танылған. Егер қызық болса, Айдардың жеке парақшасына кіріп әзілдерін көрсеңіздер болады. Бұл жерге инстаграмдағы видеоларды сала алмағасын, тек суретін ғана салуға рұқсат етіңіздер. 


3. abaicartoons - қазір аса қатты жұмыс жасап жүрген жоқ. Бірақ Абай атамыздың өлеңдерін, қара сөздерін, цитаталарын Инстаграмдағы оқырмандарға ерекше жолмен таныстырады. Бұл инстаграм парақша тек қана Қазақстанда емес, басқа да елдерде аса танымалдылыққа ие. Осы парақшаның қайтадан жұмыс жасауын қалар едім. 


4. korzhik11 - Алдабергенов Ержан қазақстандық саяхатшы. Ержанның өмірін Instagram-да қарау, маған өте қызық. Барлық әлем бойынша саяхаттап, қызықты оқиғаларымен оқырмандарды өзіне тартады. Өмірдегі қиындықтарға көзін жұмып, өзінің қалаған ісімен айналысып жүрген Ержан өмірі мен сияқты, басқада адамдарды да қатты қызықтырады.


5. favorite_cafe  - өзінің парақшасына тамақ салса да, бірақ суреттері әдемі, қызық болса жазылуға дайынмын. Бұл парақша астаналықтар үшін қызық деп ойлаймын. Себебі, бұл кафе Астана қаласында орналасқан. кафеде дайындалатын тағамдар, бургерлер және түрлі-түрлі тәттілерді ерекше қылып түсіретін парақша кафеге көп клиенттер тартады. Сол клиенттрдің қатарында мен де бармын :)


6. aizatulla_ - өзінің қарапайым видеоларын iphone-ға түсіріп, оқырмандар санын күннен-күнге жинап жүрген талант иесі. Осы парақшадағы жұмыстарға қарап, өзімнің видеоларымды жақсартуға тырысамын және үлкен көмек береді. 


7. beisekeyev - Қанаттың жұмыстары маған өте қатты ұнайды. Youtube-ғы жеке арнасына кірсеңіздер, Америкадағы Қазақстандықтар туралы видео түсіріп өз оқырмандарын тауып жүрген режиссер. Негізі, қазақстанда талантты азаматтар өте көп. Өзінің инста парақшасыда түрлі суреттермен видеоларға толы. 


8. lovetssnovastana - сыйлықтар мекені. Сатылатын сыйлықтарды ерекше қылып түсіріп, өз оқырмандарын тауып жүрген интернет дүкені. Өзім қызыққан сыйлықтарды осы парақша арқылы тапсырыс беріп сатып аламын. Сіздерге де ұнайды деген ойдамын. Қазақстан бойынша үйіне дейін жеткізе алады. 

9. azizovbairam - суреттері тек ұялы телефон камерасына түсіріледі. Суреттегі түстері және басқа қырынан көрсетуі маған өте қатты ұнайды. Инста парқшасын бірден ашқан кезде көзге түсетін суреттері оқырмандарды бірден тартады. Сіздерде сол оқырмандар қатарына қосылатынына сенімдімін. Бір суреттен үзінді :)

10. zhanspit - өзінің жұмыстарын тек ұялы телефонға түсіретінін ескерсек, бұл инстаграм парақшада осы тізімге ойланбастан қосылады. Видеолары да ерекше және өзінің музыкалық талғамымен оқырмандарын тауып жүрген парақша. Инстаграмдағы видеоны осы жерге қосу білгенде бірнеше жұмыстарын салатын едім. Парқшаға кіріп, видеоларын қарауға кеңес беремін. 


Достар, сіздерге қызық болды деген ойдамын. Айтпақшы, менің жеке инста парақшама rakhimbekovs және жаңа интернет проектіме dudar_ai -ға жазылуды ұмытпаңыз. Күндеріңіз сәтті өтсін!