Армандар орындалады,мақсатың айқын болса.(байқау)

Армандар орындалады,мақсатың айқын болса.(байқау)
жеке
блог

Жапон  жазушысы Мураками Харуки "Мақсат қойылса болғаны - сынақтар мен қателіктердің тізбегі өзі-ақ қалаған нәтижеге жеткізеді" деген екен.Йя мақсат бұл қиындықты жойып,еңбекке жеткізетін тегін құрал, керемет сезім, шынайы құштарлық.Менде алдыма жаңаша мақсат қойып отырмын,мен оған міндетті түрде жетемін, әрине Массагетпен бірге.

Менің алдыма қойып отырған мақсатым қазіргі таңда талайдың таңдайын қақтыратындай әсерге жеткізіп,тамсандыратын-Фотомонтаж саласын жетік меңгеру.Бірақ бұл саладан құр алақан емеспін, алайда жаңа табалдырығын аттап, алғашқы қадамдарымды алшақ басып келе жатырмын.Массагетпен мақсат қойып,жетістікке жететін мүмкіндік туып тұрған кезде осыны пайдаланып мен Фотошоптың шыңына жетемін.Бұл байқаудағы мақсатым біреу,бірақ бұның өзіде сеніміме тіреу боларлықтай нәрсе деп ойлаймын.

Бұл мақсатымның орындалуына себепші болатын басты құрал ол-Adobe Photoshop.

Adobe Photoshop- суреттерді, мәтіндерді өзгертуге, түрлендіруге, сақтауға арналған ең танымалы графикалық бағдарлама болып табылады.Осы бағдарлама арқылы суретке жан бітіріп,тірі жанды таңғалдыруға әрекеттерімді бастап жатырмын.


Менің тәлімгерім-Ернар Алмабековта фотошоп және видеомонтаж жасау шебері.Осындай тәлімгерім, шынайы мақсатым тұрған кезде,жетістіктің аумағы да алыс емес.