Құштарлық пен күрес ( Байқау )

Құштарлық пен күрес ( Байқау )
жеке
блог

          Өмір! Менің өмірім тек маған тиесілі, сіздедікі де дәл солай! Мен не істегім келеді , істей аламын, тек жаным жайлы болса болды . Адам өзі үшін қуаныш әкелетін дүниемен айналысуы керек, себебі, өмір өте қысқа күйбең тірліктің я жалған байлықтың жетегінде жүрсек өмірдің қандай екенін сезіне алмай кетеміз. Ал уақыт бізді күтпейді, уақыт бүгін не ертең – ақ бітіп қалуы мүмкін. Өзіңіз сүйетін ісіңізбен айналыссаңыз және одан да жақсы болуға ұмтылсаңыз, нәтижеге жетесіз. Брайан Трейси

          Менің сүйетін әрі сол арқылы мақсатыма жететін осы жазға арнаған кішігірім жоспарым бар , ал таныс болыңыздар! Және менің әрбір блогымды қарауды ұмытпаңыздар, адамдар бір – бірін бақылап , қуанышына ортақтаса білу керек.

1.Алланың сөзі қасиетті Құран Кәрімді оқып үйрену. Екі дүние бақытына ие болу əр адамның мақсаты екені белгілі. Құран оқып о дүниеде ата -анама тəж кигізуде менің парызым деп білемін. Мәңгілік нәрсе жоқ.

 Құран - Керім

2.«Өз тілің бірлік үшін , өзге тіл тірлік үшін» деген сондықтан қазіргі үш тұғырлылық заманында ағылшын тілін меңгермесем ұяттау болар.

 3 .Орыс тіліндегі жаңылтпаштарды жаттау және орыс тілінде сайрау. «Мен орыс тілін түсінемін, бірақ сөйлей алмаймын» дейтін кісінің бірі – мына мен. Осы сөзді айтпайтындай болу.

 4. Адам кітап оқуды қойса ,ойлауды да қояды. Жазғы жоспарымда әлем әдебиетін ақтарып шыққым келеді. Оқытын кітаптарым:

1. « Богатый папа, бедный папа» Роберт Кийосаки

2. Софи Кинселла «Шопоголиктің сырлы әлемі».

3.Сесилия Ахерн «P. S. Мен сені сүйемін»

4. «Три товарища» - Эрих Мария Ремарк

5. ҰБТ- Ұлы бір күндік төңкеріс. Бұйырса , келесі жылы 11 – сыныпқа аяқ басқалы отырмын. ҰБТ – ның болар болмасын бір Алла біледі. Дайындалып жүрген артық етпес , артық білім деген болмайды. Әр ай сайын алгебра есептерінен 20 нұсқа шығарамын. Қазақстан тарихынан ай сайын 20 нұсқа жаттау.

6. Қасиетті Рамазан айына байланысты біздің қаламызда кеш өткелі жатыр . Сол кезде мен         мәнерлеп оқимын. Шындығына келер болсақ, менің жаттау дегенге қабілетім жетпейтін, осы жолы байқап көрмекпін. Оқитын шығармам « Уақыттың қадірі » Алмас Темірбай

Менің мақсаттарымның барлығы оқу. Мақсаттарымның жүзеге асуы үшін де оқудан жалықпаймын.Оқу тек оқу!

 Кез- келген жанға жеңіске жету үлкен бақыт, қуаныш. Адамдарды қуантып тұрайық ,ол- сауап. Біз үшін жеңіс тұғырынан көріну – мақсат.

Жүйріктен – жүйрік озар жарысқанда ,шын мықты анықталса қалай жайланбасқа?!