Мен – Ләззат Асанова (байқау)

Мен – Ләззат Асанова (байқау)
жеке
блог

Менің аты-жөнім – Ләззат Асанова. Мен Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданындағы «Бейнеу гимназиясы» мектебінде 5-сыныпты бітірдім.

Менің арманым, өскенде журналист болу. Себебі мен кітап, газет, әдеби кітаптарды оқығанға, елдегі болып жатқан жаңалықтарды білуге құштармын.

Осы жылы мен «Керемет Kids», «Bala bi», «Балдырған», «Айгөлек» журналдарын үзбей оқып, тапсырмаларын орындап отырамын. Мен басқа да кітаптарды оқығанды ұнатамын. «Қазақ ертегілері», «1001 дерек» сынды кітаптарды оқып бітірдім.

Хоббиім – сурет салу. Сурет салсам, шабытым оянады. Шабыт оянған сайын, тағы да сурет сала түскім келеді. Сурет өнерін қатты жақсы көремін.