Сен кімсің?
жеке
блог

Сен кімсің?

            Біз жастар, несие аламыз, ертеңгі төлер күнді ойламай. Ал қарызды өтеу уақыты келгенде, есік жағалап, қоңырау шаламыз. Ойдан неше түрлі сылтау құрастырамыз, тіршілігіңді қиындатып, қадірімізді төмеңгі дәрежеге дейін түсіреміз. Қызық, неше түрлі тыныс белгілерімен, смайликтермен хат алмасып жатамыз. Мағынасыз клиптер, түсініксіз кинолар көреміз. Түртіп алар ойы жоқ нәрседен, үлкен ұғым іздейміз. Динамикалық эффектілермен, кадрлардың экраннан кезек ауысқанына тәнті боламыз, демек бұл жаңа технология, бүгінгі ұрпақтың есіркісі. Экрандағы жұлдыздарға табынасың, таланты емес түріне қарап. Тауға шығып, серуендеп, табиғатты тамашалағаннан, әлеуметтік желілерде уақыт өткізіп, болмашы нәрсемен әуестенгенді қызық санайсың. Тар тесікке үңіліп, кең дүниенің ғажабынан бейхабар болып жатамыз. Өз ісіңе көңілің толмайды, ал оған қоғамды кінәлалайсың. Күнде бір қалып, бір тіршілік. Сонда сенің робот болғаның ба? Ал ертеңгі балаңа не өсиет айтасың? Қандай тәрбие бересің? Сенің жасар мүмкіндігің көп, тек жалқаулығыңнан арылсаң. Бос уақытыңды қалай өлкізуді ойлап жатқанда, уақыт сені өлтіріп жатқанын ойлан...