Миллиондарды атасақта, теңеспейтін ұлы пенде ешкімге!

      Уа, жұртым! Өзегінде намыс  жыры, өршіл жалын кернеген,

Жарқылдаған кеудесінде, найзағайдай жалын оты өрлеген,

                              Ширек ғасыр тәуелсіздік тойын бір, Зұқа батыр мерейі ғып , 

                             Алаш ерін- көк тәңірге самғағандай  самұрыққа теңеген.        

                                                                                    Алмас Жангүл

Қазақ халқы  - ертеден елі үшін,  қылыш  сермеген батырларын,  кимешек киген әжелерін, бұрымды қыздарын, «Аға»-деген інілерін, ойнай білетін  аға -жеңгелерін,  өзге адамды танымасада елін сүйген ерлерін,  ақын-жырау өнерпаздарын достық –бірлікте ұстап, оларды жүзге бөліп жармаған, ұстамдылықпен, сабырлықты жанына серік еткен халық. Жауын көкектей тоздырып, тарыдай шашып, айрандай ұйытқан,  ірімшіктей іріткен, қоқыңдап қоңқылдаған Қоқанмен де, қалың қара қытаймен де, ормандай орыспен де тіл табысқан бабамыздың даналығының арқасында, осы біз өмір сүріп отырған аяулы Отан- Қазақстан жері  сол бабалардың сақтап қалған, бізге қалдырған асыл мұрасы екені сөзсіз. 

Еркіндік! Бірлік! Татулық! Ең маңыздысы он бір әріптен тұратын – «Тәуелсіздік!». Бұл еркіндік сөзі біздің де,  әрбір ел, әр халық үшін де ең алғашқы тұратын мәртебесі. Мәртебе! Тіпті  осы бір тәуелсіздік жайлы  танымал, дамыған елдердің даналарыда, даралары да өздерінің ұлы ойларын айтып кеткен болатын. Ағылшын журналисі, саясаттанушысы У.Годвиннің өзі  «Барлық игіліктерден ең ұлы – тәуелсіздік»- деп айтып кеткен. .Биігінде- көк туы желбірегенді, намысымен жаңғыра шырқалған ән ұранды тыңдағанды, ұлт шеңберінде Елтаңбасы орналасқанды, жалынды жастарының  білімді де, білікті  болуын кім аңсамайды дейсің?!

Тәуелсіздік күні —қазақ халқының тарихы да шежіресі, тамыры тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні. Осы  мереке әр жылдың 16-желтоқсанында аталып өтетіні бізге мәлім. Тәуелсіздік тек Қазақстан тұрғындары үшін емес, сонымен бірге, шетелдердегі қазақ халқының өкілдері үшін де,  Қазақстанда тұрып жатқан өзге этносты халық үшін де маңызы зор мереке. 1991 жылы 16-желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі “Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы” заңды қабылдады.  Осыдан кейін Қазақстан бүкіл әлемге танылып ЮНЕСКО құрамына қабылданса, бірнеше әлем елдерінен оза шауып Астана «Бейбітшілік қаласы» атанды. Астана, Астана! Бейбіт күнде  Ел ордасы  арман қала Астана- Арқаның төрінде  сылдырап аққан, ерке Есілдің оң жағалауында орналасса, бүгінде ол білім мен ғылымның ордасы. Елбасының «Қазақстанның тәуелсіздігі қазақтарға тартқан тағдырдың сыйы емес, өзінің ежелгі жерінде қилы кезеңді бастап кешу арқылы қол жеткен өз мемлекттілігін құруға деген заңды құқығы бұл даусыз және саяси фактіге ешкім күмән келтірмеуі тиіс», — деп атап көрсетуінде үлкен мағына жатыр.  Биыл Тәуелсіздіктің  - 25 жылдығы!   Осы жылдарды аңсаған, қазақ елі үшін аянбай тер төккен халқымыздың біразы ширек ғасыр шежіресін жазыпта біткен болар.

Дәл осы  25-жылдықпен тұспа-тұс келген,  бейбітшілікті аңсап, өз күшін салған, милиондаған адамды, танымал ғалымды, дарынды ақынды, талантты пендені, күші тасыған батырды атасақта, ешкіммен тең келмейтін өз ойы, өз тұлғасы бар, өзге елде тусада, өз топырағын ұмытпаған, өз халқын қастерлеген, елі мен жері үшін,  есімі алтын әріппен жазылған Зұқа батырдың-150 жылдық мерей тойы.

«Отанның намысы үшін оттан қашпа, 
Шын сүйсең мақсатыңнан қия баспа. 
Тайсалма бар Отанның құрбаны бол, 
Өмірің орынсыз боп кетпес босқа». 

– деп Мұхтар Шаханов жырлағандай  Ел басына күн туғанда даналығымен, батырлығымен, парасаттылығымен ел мұңын, халық сырын, тарих үнін түсіне білген, халықтың басын қосқан, халық мүддесі жолында, табандылығында, тапқырлығын да таныта білген Зұқа батыр қазақ халқының күшін тасытты, мәртебесін көтерді, Қазақ елін аса іргелі елге айналдыруға өз үлесін тигізді.  Зұқа Сәбитұлы атамыз -1867 (кейбір деректер бойынша 1866)  жылы Қытай жеріндегі  Кендірлік (Көктоғай) деген жерде дүниеге келген. Осы  елде дүниеге келсе де Қытайдан шыққан қазақтар арасынан қоғам қайраткері, батыр болған ұлы тұлға. Өзге елде, өз  Отанының атын шығарған жан. «Әкеге қарап – ер өсер, шешеге қарап-қыз өсер»- демекші Зұқа батыр Қазан жерімен Бұхарада білім алған Сәбит есімді әкесінің жолын қуған. Ол 1883 жылдары ауыл мектептерінде ұстаздық қызмет атқарса, шәкірттерін білім нәрімен сусындатқан. Сонымен қатар ол әрі қажыболған кісі.. Текті әулеттің ұрпағы болғандықтан тектіліктенде хабары бар.   Кейбір  келеңсіздіктерден шыққан даудан Қытайдағы қазақ жұртын қорғауға батыр өз жасағын құрады. 1921 жылы  Кеңес өкіметінің қызыл әскерлерінен жеңіліп, Қытай асқан ақ гвардия генералы Бакич бастаған топ  Ертіс бойына жетіп, ондағы халыққа лаң салған кезде Зұқа жасағы Бакич әскерлерін Өрмегейті асуынан асырып, Моңғолияға дейін ығыстырып тастайды. Зұқа қарулы  жасағы 1921 жылдан кейін Сарсүмбе мен Өр Алтай арасында жергілікті әкімшіліктің қарулы жасақтарына қарсы тұрып, жергілікті қазақтарды қытай ұлықтарының қыспағынан қорғауға күш салады..

1962-1983 жылдары саяси қуғын-сүргінге ұшыраған Батырхан Құсбегиннің «Зуқа батыр» атты романы жарық көрген еді. Ал туған туыстары соның ішінде әке –аталары дін қайраткерлері болған. Өзінің мұсылмандығын, дінге деген сүйіспеншілігін 1904 – 1905 жылдары Меккеге қажылыққа барып қайтқанда көрсетеді.

Зұқа Сәбитұлы –қазақтың ұлы тұлғасы, қайраткері. Ол- Ресей патшалығы мен Цинь империясының қазақ даласын шыққан халқы үшін, атақонысы ұшін күрескен. Мағынасына қарасақ бұл Тәуелсіздікке деген алғашқы қадам еді.1928 жылы күзде жергілікті әкімшілік өкілдері  түн ортасында Зұқа ауылын басып кіреді. Қытай әскерлерінің қолынан Зұқа батыр қаза табады. Батырдың ерлігін құрметтейтін халық кейін оны Белқұдыққа жерлеп, басына үлкен қорған тұрғызған.

18-19 ғасыр жылдары - замандар дауылынан, төңкерістер топа­лаңынан бабаларымыз кең жайлаған қонысымыздың өрісі тарыл­ыпты. Осы бір сұрқай саясат­тың кесірінен бүгінде бабаларымыз сүйектері алыста жатыр. Зұқа батыр жайлы айтып өтсек бітпейтін бір кітап шығар. Өкінішке орай  Зұқа атамыз жат жұртта жерленген жампоздар қатарында...

- Осы шығарманы жазбас бұрын Зұқа батырдың кім екенін білмейтінмін. Ол кісі шын мәнінде кім деген сұраққа да жауа бере алмадым. Арнайы деректер жинай отырып, газет-журналдардан мәліметтер іздеп ақыр-аяғында осы ұлы тұлғаны білмегеніме шын мәнінде ұялдым.   Ең алдымен «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедиясынан ( Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы) оқып шынайы атамызды таныдым. Шын мәнінде Зұқа батыр кім?! Ал мен сияқты жастар бұл кісіні таниды ма ?!  Жоқ. Бірақ мен танытамын, жанымдағыларға айтамын!- деген берік  серт бердім.



Бөлісу: