Жас журналисттерді шыңдайды.

Жас журналисттерді шыңдайды.
жеке
блог

Жас журналисттерді шыңдайды.

Таяуда  Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университетте “Журналист болғың келсе” атты байқау өткен болатын. Бұл байқаудың мақсаты: журналистикаға қабілеті бар дарынды жастарды шыңдау. Конкурсқа 50-ден астам талантты оқушылар қатысты әсіресе 11 сынып оқушылары. Барлық қатысушылар өз мектептерінің үздіктер.

 Осы байқауда “Бас жүлдені” имендендім. Әрине, мен үшін үлкен жетістік. Өзімінң білім алған мектебімнің намысын қорғап, ұстазымның әсіресе сынып жетекшім Тюлюбаева Гүлғайша Құсмановнаның және Шалғынбаева Құралай Махмұтжановнаның маған артқан үлкен сенімін ақтағаныма қунашытымын  . Маған сенім артқан барша ұстаздарыма шексіз алғыс   білдіремін. Алда бір үлкен мақсатым бар ол- мықты журналист болып, Ұлттық Біріңғай Тестілеуден жақсы нәтиже көрсету .Әрине, баспасөзге жаңаша леб алыпкелгім келеді. БАҚ –ның қоғамдағы беделін одан әрмен жоғарылатсам деймін.

 Осы конкурста біршама нәрседен ақпарат алдық. Шәкәрім университетінің бірнеше студиясымен таныстық. Журналистика саласы бойынша көптеген  дәрістер алдық.  Негізі бұл байқаудың біздерге берген әсері өте мол.  Өзімізге  тың идея ала алдық. Журналистиканың шет-жағасынан біразда болсын хабардар болып өттік.

Менің пікірмше осындай байқаулар жиі ұйымдастырылса , себебі :байқау арқылы бала шыңдала түседі, өзінің кем-кетік жерін жөндей алады. Тағы бір жайт ауылдағы қарапайым жастардың  бейім- қабілетін арттыра түсетіні сөзсіз. Сондықтан да конкурсты ұйымдастырған Шәкәрім атындағы Мемлекеттік оқу орынына   өз алғысымды білдіремін және университке шығармашылық табыс пен толағай жетістіктер тілеймін!

 

 Досмухамбетова Еркежан

Семей қаласы.