Жапондықтар 2020 жылғы Олимпиада ойындарын ерекше атап өтпек

2020 жылы Токио қаласындағы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына Жапондық ALE Co компаниясы жасанды метеорит жаңбыр жаудыруды ұсынып отыр.

Көптеген түрлі-түсті құлап жатқан жұлдыздар пайда болады. Жобаның басшылары түрлі-түсті «құлап жатқан жұлдыздарды» алу үшін Жер орбитасына сан түрлі материалдардан жасалған мыңдаған «дөңгелектері» бар шағын спутникті ұшыруды ұсынды. Жер бетінен 60-80 шақырым биіктікте бөлшектер жана бастайды. Ерекше таңғажайып көрсетілім болмақ.



Бөлісу: