ӨТІРІК, ҰРЛЫҚ ҰЯТ,-- ЭСТАФЕТА!!!!!!!!

1. Бір себептермен болса да өтірік айтып, оның ашылып қалған тұсы бар ма?

–  Менің бір жақсы жездем бар. Сол кісі күндердің бір күні маған  хабарласып: "үйге келіп кетші, бір шаруалар бар",- демесін бе! Содан саспастан, қалай болғанын білмеймін: "мен кітапханада отырмын, қолым бос емес",- дегенмін. Қап, өтірік айтып қалдым.  Ал, шын мәнінде қызбен кездесіп қыдырып жүрген едім. Сол... Өтірікшімін иә)))

 

2. Қатты ұялып, жаныңызды қояр жер таппай қысылған кез басыңыздан өтті ме?

–  Менің ең қатты қысылып, ұялған  кездерім мектеп қабырғасында өтті. Солардың бірі: бір баламен жұдырық түйіскеніміз үшін үлкен үзілісте көпшіліктің алдына фамилямды атап шақырғанда, жерге кіріп кете жаздап едім. Қазір... Қазір де ұялып қалатын кездер болады. Бірақ, құдайға шүкір сирек.

3. Кішігірім болса да ұрлық жасап көрдіңіз бе?

–  Бұрын бала кезде ұрлықтың түрлі-түрлісі болатын))) Әсіресе, бір шалдың алмасына күн көрсетпейтінбіз. Алмасы қып-қызыл, тәп-тәтті. Бір қызығы сол қызарып үлгермейді ғой ))) Бір топ балалармен қорасына басып кіріп, көк алманы бар қалтамызға толтырып алып, тұра қашатынбыз. Оны сосын тұзға батырып жегеніміз есімде. Еh... Балалық  шақ, рахатсың ғой... Кейде тіпті  қайтадан  бала  болғым келеді. 

КЕЛЕСІ  КЕЗЕКТІ  ҚОСТҰРҒАНОВА  ГҮЛЗАТҚА  БЕРЕМІН. ГҮЛЗАТ,  КҮТІП АЛ ТАЯҚШАМДЫ))) 

 

 



Бөлісу: