«Қазақстандықтар - Ұлы Жеңістің батырлары»

«Қазақстандықтар - Ұлы Жеңістің батырлары» атты екі томдық кітаптың тұсауы кесілді. Екі томдық кітаптың ғылыми жетекшісі, редакторы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Саттар Мәжитов. 

Профессордың айтуы бойынша, 1968 жылғы кітапта 418 ғана батырдың аты жазылыпты. Зерттей келе батырлардың есімін 615 ке жеткізіпті. Тұңғыш рет бұл басылымға 1941-1945 жылдары соғысқа қатысқаны үшін "Халық қаhарманы" атағы берілген 9 адамның өмірбаяны енгізіліпті. 

Бұл кітаптың басты мақсаты - жастарды тарихтан мол хабардар ету, патриоттық рухта отансүйгіштікке тәрбиелеу. 





https://kaztv.kaztrk.kz/kz/news/erlikke_tagzym/ekinshi-duniezhuzilik-sogysta-kenes-odagynyn-batyry-atangan-kazakstandyktardyn-sany-615-ke-zhetti-s-mezhitov



Бөлісу: