«Айман-Шолпан» телехикаясы

«Айман-Шолпан» телехикаясы
жеке
блог

Егіз қыздың тағдыры туралы «Айман-Шолпан» телехикаясының түсірілімі басталды. 

«Өзіңізден аумайтын адамды елестетіп көріңізші. Мұндай жағдайда не істейсіз? Біздің телехикаяда басты кейіпкер ойда-жоқта өзіне қатты ұқсайтын қызбен кездесіп қалады. Әрі қарай шым-шытырық оқиғалар басталады. Фильмде қылмыс та, арам ақша да, астыртын әрекеттер де бар. Әлбетте, туындыда махаббатқа көп көңіл бөлінген»,-дейді «Көркемфильм» кинокомпаниясының бас продюсері Рустам Азаматов.