Жалғыздық ...

Жалғыздық ...
жеке
блог
Күнде көлеңкеңдей, егізіңдей қасыңда жүрген адам керек кезде қасыңда бола алмаса, бір қалада тұрып келе алмаса, иығына басыңды қойып бар сырыңмен бөлісе алмасаң, еңіреп жылағаныңда ұрсып ала жөнелмей, түсініп, қолдау көрсетпесе, қолыңнан ұстап, көзіңе тік қарап турып, БІЗ БІРГЕМІЗ, БƏРІН ЖЕҢЕМІЗ, деп сендіріп айта алмаса ол адамнан не қайыр, не үміт???
Осыншама көрсеткіштен кейін, оның Сені сүйемін дегеніне, ес- ақылың бола тұра қалай сенесің??? Жалғыздық бір Аллаға жарасқан дейді, ал жалғыз болмау ушін не істеу керек??? Санасыз болмай, өмірдің барлық заңдылықтарын сақтау керек, қажет кезде тоқтап, кідіре біліп, қажет болса жүгіре білу керек. Адаммен оның деңгейіне тусіп, тіл табыса білу керек екен. Қателіктерін кешіре жүріп, мүмкіндік бере жүру...
Өркөкіректік пен жалған намыстан аулақ болып, адалдық пен адамгершілікке бір табан жақын болу. Тән тазалығын, Жан тазалығын, ой  тазалығын жоғарғы деңгейде ұстау.
Ияяяя... Жалғыз қалмаудың құны арзан емес... Бірақ бағасын білген адамға қымбат емес... Ары айтта, бері айт, бəрі ортақ қарым - қатынасқа келіп тіреледі... Ол,  екінші Адам осындай қадамға дайынба, оған осыншалықты шынайылық пен адалдық керекпе? Ол осыған дайынба? Міне осы жерде не басталады, не аяқталады...