ҚазҰУ шақырады!

ҚазҰУ шақырады!
жеке
блог

    Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Филология және әлем тілдері факультеті Екі шет тілі мамандығының 4-курс студенттері №81 мектеп-гимназиясында «ҚазҰУ шақырады!» атты интеллектуалдық сайыс өткізді. Шараның өтілуіне жетекшілік еткен ұстаздар: Д. Рскелдиева және Н. Утемгалева. Бұл шараны өткізудегі басты мақсат – ойы жүйрік, танымдық деңгейі жоғары интелектуалдық оқушылардың дарынын ашу, белсенділіктерін арттыру, білімдерін, тіл мәртебесін көтеру, тілдерге деген қызығушылығын арттыру және оқушыларды ҚазҰУ-мен таныстыру.

      Сайыс баршамызға белгілі «ХХІ ғасыр көшбасшысы» ойынының форматында өтті. Ойынға 9-11 сынып оқушылары арасында болды. Ойын барысы екі кезеңнен тұрды: 1-кезең: «Бәйге», 2-кезең: «Логикалық сұрақтар». Іс-шарамыздың ерекшелігі – екі тілде: ағылшын және қазақ тілдерінде жүргізілуі.

   Ойын соңында жеңіске жеткен топ мақтау қағазымен және сыйлықтармен марапатталды. Іс-шарамыздың соңында мектеп түлектеріне Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті жайлы кәсіби бағдар берілді және өзіміздің университет қабырғасында өткізген қызықты да ұмытылмас күндерімізбен бөлісіп, «Қара шаңырақта» білім алуға шақырдық.