Мамандығым – азығым

Мамандығым – азығым
жеке
блог

Қойшыны таяғы асырайды, қасқырды аяғы асырайды. Мамандыққа байланысты бұл мақалдың журналистке де тікелей қатысы бар. Қалыптасып қалған «журналисті аяғы асырайды» деген пікірге сүйенсек мұндағы қасқыр журналистің нақ өзі. Әрине, оның негізгі құралы тіл. Бірақ ақпаратсыз, дерексіз жұмысы мардымсыз болады да қалады. Ал ақпарат бір орында отырғаннан шыға қоймайды. Оны аң аулауға шыққан қасқырдай аңдып жүріп іздейсің. Сондықтан да журналистің наны аяғы екендігіне келіспесек болмас.

Сонымен осыншалықты еңбекқорлықты, қабілетті және білімді талап ететін аталмыш мамандықтың иесі болу үшін не істеу қажет? Бәріне кезекпен тоқталайық.

Ең бірінші кезекке адамның өзіндік қасиеттерін қойған дұрыс. Халық арасында «болымсызға болыспа» деген жақсы сөз бар. Мұнда да осы жағдай. Адам екі ауыз сөздің басын біріктіре алмаса немесе бір жерге барып ақпарат алып келе алатындай пысықтығы, өзге адамдармен тіл табыса ала-алатындай қасиеті болмаса бәрі бос әурешілік. Ол адамға  репортаждың қалай жасалатындығын, мақала қалай жазылатындығын түсіндіріп болмайсын. Әрине, аюға таяқ намаз оқытқандығын еске алсақ болар еді. Бірақ журналистика салмағы үлкен мамандық. Халық пен билік өкілдерін байланыстырушы, бұқараның көзін ашушы, көңілін көтеруші, қысқасы халықпен тікелей жұмыс жасайтын бірден бір мамандық. Сондықтан бойында жоғарыда аталған қабілеттер болмаса, ол адамның журналист боламын деп терлемей-ақ қойғаны дұрыс.

Жоғарыдағы талаптар дәстүрлі журналистерге ғана тиісті емес. Соңғы жылдары ерекше дамып, көпшіліктің назарын аудартып жатқан журналистиканың жаңа саласы PR мамандарына да тікелей қатысты деп айта аламыз. PR маманы болу бүгінгі күннің сұраныстарына жауап беру дегенді білдіреді. Сондықтан да беделі жоғары мамандық деп атасақ ағаттық болмас. Алайда кейбіреулер пиар мамандарын халықты  өтірікке тойдыратын кәсіпқой журналисттер деп атайды. Бұл мамандықты мойындамайтын өзгелері Қазақстанда PR жоқ, «PR» деп аталатындрының барлығы көз бояушылық дегенді алға тартады. Қалай болғанда да аталмыш мамандық бүгінгі күн сұраныстарын қанағаттандырады. Паблик рилейшнз бағдарламасының негізгі міндеттері: адамдар арасындағы қарым-қатынас жолдарын жақсарту, екі жақты ақпарат ағымы мен түсіністікті қалыптастыру әдістерін әзірлеу, ұйымның басшылығын қоғамдық пікір турасында ақпаратпен қамтамасыз ету, жұртшылықтың мүддесіне қарай басшылықтың қызметін қамтамасыз ету; бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс жасау, ұйымның имиджін нығайту, т.б. Сыншылардың жағымсыз пікірлеріне қарамастан Қазақстандағы PR осы міндеттердің барлығына жауап береді. Сондықтан журналистикадағы жас сала ретінде, қажет сала ретінде PR қызметерлердің маңызы зор.  

Бүгінде бөлек ғылым түрі ретінде де жоғарғы оқу орындарында оқытылып жүр. Еліміздегі ҚазҰУ, ЕНУ, IT, сонымен қоса, ҚарМУ, ҚызМУ сынды университеттерді ерекше атап өтуге болады. Бұлардың әрбірінің жақсы маман дайындап шығара алатындай қауқары бар.

Бірақ ҚазҰУ-дың журналистика факультетін ерекшелеп өтейік. Себебі Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультеті Қазақстандағы пиар мамандарды даярлайтын бірден-бір жетекші оқу орны. Аталмыш кафедрада Паблик Рилейшнз мамандардан өзге:

- халықаралық журналистер; 
- БАҚ менеджерлері; 
- экономист-журналист;
- продюссерлер; 
- жарнама агенттері; 
- баспасөз орталықтары және баспасөз қызметі компаниялары мен корпорация қызметкерлерін де дайындап шығарады.

Бүгінгі заман ағымы дәл осы мамандарды талап етеді. Сондықтан жоғарыдағы тізімнің біріне іліксеңіз, жоғарғы сұранысқа ие бірден бір маман болғаныңыз. Мамандық таңдағанда жан-жақты саралап, бүгінгінің сұранысын зерделеп, жан-жағыңа көз жүгіртіп алған абзал. Қалталы боламын дегендер экономист пен юрист мамандығын игеретін заман қалуы тиіс. Осы себепті әрбір адам өз қабілетіне, мүмкіндіктеріне және жан-жағына қарап барып мамандығын таңдағаны өзіне де өзге ге де пайдалы.

Қорытындымды «Өзін сүйіп жасайтын мамандықты таңдсаң, бір күн де жұмыс істемейсің» деген ұлы Конфуцийдің сөзімен жасағанды жөн санадым. Бәрін біл, қара, таразыла, сонымен қоса өзіңнің сүйген ісіңнен бас тартпа.