Қоғаммен байланыстың қоғамдағы маңызы

Қоғаммен байланыстың қоғамдағы маңызы
жеке
блог

Қандай мамандық болса да,қиындығы мен қызығы қатар жүреді. Солардың бірі және бірегейі-PR мамандығы. Бұл мамандық әр елде өзінше рөл атқарады. Мәселен,  АҚШ-та, Батыс Еуропа елдерінде тұрақты жұмыс үрдісі болып саналады. Қытайда, мысалы қоғаммен байланыс курсы жүзден аса университеттің оқу бағдарламасына енген. Бұл дамыған елдердегі PR мамандығын дайындау әлдеқайда ертерек қолға алынған. Қазіргі  нарық жағдайында жарнама өндірісі ұшқан құстай серпінмен алға жылжуда. Жарнама барлық жерде бар: газеттерде, журналдарда, көгілдір экранда, көшедегі қалқандарда. Мекеменің қоғамдық, әкімшілік, саяси жақтарын талдап, зерттеп отырады.  Көрнекті плакаттар, жарнама роликтері тек тұтынушыларды ғана емес, сонымен жарнама облысындағы әлеуетті мамандарды да еліктіреді. Бұл салада журналистика мамандығын жетік меңгерген адамдармен тығыз байланыста болу шарт.Ең бастысы-іскерлік қабілет пен адамдармен тіл табысу.  Аты айтып тұрғандай қоғаммен байланыс мамандығы халықтың сұранысын қанғаттындыруға, бірге ымыраға келіп, селбесіп жұмыс атқаруға ең қолайлы әрі тиімді мамандық. Алайда, халықтың көбі "қара пиар" деген атауды естісе болды, ат тонын  ала қашады. Бірақ бұл ұғымнан үркіп, алыстамағанымыз жөн. Бұл да қоғамға керек әдіс.

Жалпы, бұл мамандықты терең түсіне білуіміз абзал. Сондай-ақ PR туралы кітаптарда жарық көрілуде және студенттердің ынта-ықыласын оятып, әрі қарай шыңдала түсуіне дәнекер болуда. Атап айтар болсам, менің университетімде, яғни, ҚазҰУ-дың журналистика факультеті ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғаммен байланыс кафедрасының меңгерушісі әрі профессор Назгүл Шыңғысованың «PR теориясы мен практикасы», «Өңірлік мерзімді баспасөздің менеджменті және маркетингі», «Іскерлік қатынас ережелері пәнін оқытудың технологиясы» оқу-әдістемелік құралы студенттердің ыстық ықыласына бөленуде. Қорыта айтқанда, қоғаммен байланыстың қоғамдағы орны әрқашан ерекше, ешқашан өлмейтін, ғұмыры ұзақ мамандық дер едім...Ләйім, солай болғай!