Менің өтіріктерімнен! Эстафетада)
блог
Өмірі өтірікке толы адамнан эстафета кезегін алған қызық екен)). Ия, демек мен де алдыңғы қатарлы өтірікшілердің бірімін деген сөз)))) (Әрине, әзіл)). Бұл ойды Болат ағаның ішіне қалдырайын да енді сұрақтарға жауап беріп көрейін. Ал өтірікші қазір де өтірік жазуы мүмкін. Абай болыңыздар)).
1. Бір себептермен болса да өтірік айтып, оның ашылып қалған тұсы бар ма?
- Болады ғой өмір болғасын. Көбіне мектеп кездерінде болады. Бірінші сыныпта ғой деймін. Бір жыбырлақ қыз болатынмын. Үй бетін көрмей қаңғып кететінмін. Сөйтіп күніге сабақтан шыққан соң, типа құрбы болады ғой, жаңа таныстық болғасын. Үйі мектеп жанында болатын. Соның үйінде екі сағаттай ойнап, өзімше жаһанды жапырғандай үйге сабақтан келген боп баратынмын. Бір күні ойынымыз қызып кеш батқанын байқамай қалыппын. Қайтуға қорқып отырсам мама мен папа қосақталыып мектебімнен алып кеткен. Солай қуыршақ қуалап жүріп, өтірік айтқам))).
2. Қатты ұялып, жаныңызды қояр жер таппай қысылған кез басыңыздан өтті ме?
- Өткенде қандай десеңізші))). Бұл да балалықпен болған). Қыс мезгілі ме еді, әйтеуір, әжем тұмауратып ауырып қалған-тын. Анадай дәмді ұнтақты дәрі болады ғой. Соны дәміне қызығып ішіп алғам ғой шыдамай)). Бір ұйқыдан тұрсам үйдегілер орнында тұрған дәріні таппай үйді төңкеріп жатыр. Інілеріме ұрсып жүр)). Оның шаруасын бітірген мен екенін қайдан білсін)). Қатты ұялғаным-ай....
3. Кішігірім болса да ұрлық жасап көрдіңіз бе?
- Жасағам, бәрі де құлқынның қамы ғой. Ағам үйленіп, құда күтетін болып үйдегілер дәмді-тәттілерін әкеліп, арнайы тығатын бөлмесі болады ғой. Ал енді жатсаң-тұрсаң ана мәмпәсилерде ойың)). Дәмін көргесін қалай жүресің тыныш. Сөйтіп ана бөлмеге шабуыл басталады дейсің)). Сонымен не керек, көрсетіп бір, көрсетпей екі, сұрап үш жеп жүріп, құдалар келерден бір күн бұрын әкемді тағы базарлатқаным бар. Бұл ұрлық негізі, топтық ұрлық еді (Інімді қосып алғам ғой, жалғыз өлмейін деп))).
Жалпы осы менің өтіріктерімнен кішігірім шерту. Ендігі кезекті Дүйсенбиев Алмасқа беремін.