Жаңа жобаның тұсауын кестім

Жаңа жобаның тұсауын кестім
жеке
блог

Сәлем, Қазақстан! Менің блогтарым көбіне қазақ музыкасына арналғандықтан, қазақ тілінде инстаграмда жаңа жобаның тұсауын кесуді жөн көрдім. Кейінгі уақытта қазақ тілінде сапалы әндер таба алмай, қиналып жүрген адамдардың көп екенін байқадым. Саралай келе, көптеген әндерді іріктеп-іріктеп, инстаграм парақшасына әндерді аптасына 4-5 рет салып отырамын деп шештім. Неге инстаргам парақшасы? Қазір көп адамдар инстаграм парақшасына минимум жарты күнін арнайды. Инстаграм әр адам үшін екінші бір өмірі сияқты болып кеткен. Адамдар көп отырғасын және адам тез жинау мүмкіндігі көп болғасын, осы инстаграм желісін таңдадым. Жобаның аты "Дударай" деп аталады. Инстаграмда @dudar_ai деп терсеңіз, осы жобаның парақшасы шығады. Егер сіз қазақ музыкасының жаңашыры болсаңыз, жазылып, таныстарыңызды белгілеуді ұмытпаңыз. Қазақ музыкасын бірге көтерейік!