Көктемгі хаттар.... (2)

Көктемгі хаттар.... (2)
жеке
блог

        Кір қаланың ғайыптан тамған көз жасындай ащылау жаңбыры асфальт көшелерді суға толтырып толассыз жауғанына бір аптадан асты-ау... Ағыл да тегіл төгіліп жатты аспан жақтан мөлдір тамшылар. Кешегі Алматы... Көңілді иә көңілсіз жүріп өткен көшелер... Бәрі-бәрі көз алдымнан кино лентасындай өтіп бара жатты. Биік үйдің жиырма бірінші қабатында тұрып көз тастаймын мынау қалаға... Суық.   
       Сәлемші боп келген құсыни хатыңызға көз сала бере езіуіме күлкі үйіріле бергенін байқамаппын ғой... Бес күн дегенде жеткен бұл хатыңыздан бақыттың исі аңқып, қою шашыңыздың жұпары жайылатындай мынау ауаға. Сосын... Терең тыныс ала бергенім. 
       Дұния дөңгелеп бара жатты... Сіздің сағат пен біздің сағат жарыса соғып, кермеге ұмтылған бәйгенің атындай тоқтаусыз зымырап барады. Мен ержетіп кеткен едім... Сіз...  бойжетіп қалыпсыз. Арқаның көктемі алақанына салып әлдилеп жүрген шығар. Әлди, әлди, әлди-ай! 

       Сағыныш... Таусылмайтын тақырып етін.  Айта бергің келетін, айта бергің келетін... Алматыға алғаш барғанда да, Алматыдан алғаш кеткенде де.  Сол сағыныш мені соңына ертіп, сол сағыныш менің үмітімнің отын өшірмеп еді, а, Құдай!  Әлі де сағынам... Сізді де сағынып отырмын! 

       Жауап хат жазып жанымды жадыратқаныңыз үшін менен алғыстар болсын сізге.... Арайлы Астананың айы мен күні сынды жан жағыңызға шуағыңызды шаша беріңіз. Одан қалса... Бізге де көзіңіздің қиығын саларсыз) Өртеніп жүрген от жүрегімді мен әзірше мынау қаланың нөсеріне тосып салқындата тұрайын. Мезгілі жетіп, мекенін тапқанда айналасына гүл өсіп, гүлістан баққа айналар.  Сонда... Серуендеп келуді ұмытпағайсыз.  Сіздің "ақымақтау" қалпыңызды елестетіп отырмын...  Сәлеметсіз бе?

        Айтпақшы... Көп нүкте сатып аламын!