Аппақ жыр

Аппақ жыр
жеке
блог

Аппақ қар шумағындай жырларымның,
Аққу құс тізбегіндей шумағымның.
Ақылсыз ақын туса мың қасірет,
Ақын ақын емес ау, тумаса мұң.

Ақ қағаз тағдырымның ақ алаңы,
Ақын соры жазбаса қыл қаламы.
Арнамасам еліме асыл жырлар,
Айтқанменен құны жоқ кең даланы.

Ақындық асыл мұра, жүрек сыры,
Ақындар ұлы есім, елдің ұлы.
Аузыңдағы сөзіңді сүймесе жұрт,
Ақынның бұл жалғанда болмас құны.

Абайша тізбектете ойлар терем,
Асудан Мұқаңдарша асып келем.
Алланың берген сыйы, тәубе етемін,
Аппақ жыр зерден саған өрнек берем.

Ақындар жалғыз жандар, жалғыз көңіл,
Ашылмаған картада сырлы өңір.
Ақиқаттың шыңында ту тігермед (і),
Ақындарға берілсе мың жыл ғұмыр...

ӘТТЕҢ, НЕТКЕН ҚЫСҚЫ – ӨМІР!